Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр

Malim Админ

  • 27.05.2025

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жанданады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиналыста осы мәселе талқыланды.


Облыс әкімі балық шаруашылығын дамытып, өнімділік пен экспорттық әлеуетті арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша бекітілген межені орындау бағытында балық өсіру көлемін арттыруды тапсырамын. Бұл бағытта жұмысты ширатыңыздар. Балық өнімі көлемін арттыруға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Балық шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, қолайлы мүмкіндік ұсыныңыздар. Балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген 104 су айдынын және балық өсірумен айналысатын шаруашылықтарды қайтадан талдап, зерделеңіздер. Жауапты басқарма аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе жұмыс істеп, шаруашылықта өндірілген өнім көлемінің артуы қадағалануы тиіс, – деген Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға осы саланы дамыту бойынша тың ұсыныстар мен жобаларды әзірлеуді тапсырды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбековтің айтуынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес 2030 жылға дейін Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, ал биыл 7467 тоннаға жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 245-ке жетіп, оның 164-і облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған. Бүгінде 4 айдың қорытындысымен 176 тонна кәсіпшілік балық аулауға рұқсат беріліп, мемлекеттік бюджетке 5,7 млн. теңге түсім түсті.

Елімізде жасанды балық өсіруден Түркістан облысы көш бастап тұр. Облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында 2025-2027 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту жоспары бекітіліп, 905 тонна балық өндірілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, биыл облыс аумағынан 16 балық өсіру шаруашылықтарын ашу көзделіп отыр.

Сонымен қатар облыста экспортқа бағытталған 4 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл басынан бері 1069,5 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталды. Бүгінде балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Атап айтсақ, облыстық бюджеттен акваөсіруді субсидиялау үшін 2025 жылға 500,0 млн теңге бөлініп, 4 мың 586 тонна балық азығы, 500 мың балық шабағы, 4 дана биологиялық ғылыми негіздемелер субсидияланды. Ал республикалық бюджеттен инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялауға 120 млн. 500 мың теңге бөлініп, 3,2 млн. теңгесі игерілді.

Одан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасына республикалық бюджеттен 7,4 млрд. теңге және қайтарым қаражатынан 1,3 млрд. жоспарланған. Аталған бағдарламаның IV бағытына сәйкес, балық шаруашылығын дамыту көзделіп, 2025 жылға 71 жобаға 698 млн теңге қарастырылуда.  

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Байланысты жаналықтар

Түркістанда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

28.05.2025

Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

27.05.2025

Нұралхан Көшеров шетел инвесторларымен логистикалық саланы жандандыру бойынша келіссөз жүргізді

26.05.2025

Премьер-министрдің кеңесшісі Түркістан облысының өңірлік инвестициялық жобалармен танысты

25.05.2025

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

20.05.2025

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

20.05.2025
MalimBlocks
Түркістанда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

Нұралхан Көшеров шетел инвесторларымен логистикалық саланы жандандыру бойынша келіссөз жүргізді

Премьер-министрдің кеңесшісі Түркістан облысының өңірлік инвестициялық жобалармен танысты

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?