Аймағамбетовке ұсыныс – хиджаб киетін оқушылар онлайн оқысын

  • 01.10.2020
  • Жанар Қожанова

Ақтөбелік орамалды оқушылардың ата-аналары биліктен елімізде онлайн оқытуды ресми түрде  заңдастыруды және хиджаб киетін қыздарға үйден оқуға рұқсат етуін  талап етеді.  Сөздерінше екі жылдан бері  Ресейде білім алып жатқан балалары Қазақстанның емес Ресейдің тарихы мен мәдениетін үйреніп жатыр. Олар Білім министрлігі орамалды оқушларға мектепке баруға тыйым салғаннан бері  балалары қоғамнан өз еркімен  емес мәжбүрлі түрде оқшауланып қалды деп санайды. Енді  ата-аналар президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ пен Асхат  АЙМАҒАМБЕТОВКЕ питиция жолдамақшы.

Гүлжанар СӘБЕНОВА Қазақстанда хиджабпен мектепке баруға тыйым салынғаннан бері екі қызын бірдей Ресей елінде қашықтан оқытып жатқанын айтады. Сөзінше көршілес елдің  сабағына айына 25 000 теңгеден және жылына бір рет  болатын аттестацияға 80 000 теңгеден төлеп отыр. Еліміздегі  қазіргі жағдайдан кейін оқу ақысын төлеуде  қиындап кеткенін айтады. Білім беру форматын онлайнға ауыстырған министрлік енді қашықтан оқытуды заңдастырса ушыққан  «орамал дауы»  да шешілер еді дейді.

«Біз министрлікке және президенттен Қазақстанда онлайн оқу болсын деп сұраймыз. Егер мемлекет тарапынан рұқсат берілетін болса, баламды кез-келген жерге апарым беремін. Оқытамын. Орысша білмейтін балалар Ресей мектептерінде қиналып оқып жатыр. Неге оқимыз. Біздер Ресейдің тарихын оқимыз, әдебиетін, бүкіл мәдениетін оқимыз.Неге Қазақстанның мәдениетін оқымаймыз дейді балаларымыз», - деп сұхбат берді Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлжанар Сәбенова МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Алайда білім басқармасындағылар елімізде қашықтан оқыту форматы әзірге заңдастырылмағанын, ал қазіргі жүріп жатқан онлайн сабақ уақытша ғана дейді. Алайда жауаптылар орамалды оқушылар сабаққа онлайн қатысатын болса да хиджабпен емес классикалық үлгідегі киім талап етілетін болатынын айтады.

«Қазіргі таңда Білім туралы заңда қашықтан тек қана экстренат нысанында оқытылатын, яғни шет елде уақытша тұратын немесе уақытша білім алуға кеткен оқушыларға қатысты және ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларды үйден оқытуға қатысты ғана қашықтан оқыту туралы 27 бап бар. Ал оны заңдастыру туралы әлі шешім қабылданған жоқ», - деді Ақтөбе облысы білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлназ МЫРЗАҒАЛИЕВА.

Қазір Ақтөбе облысында Ресейдің онлайн мектебінде оқып жатқан тоғыз оқушы бар. Ал елдегі қашықтан  оқыту жүйесін  ресми түрде заңдастыруды талап еткен ата-аналар президент Қасым- Жомарт Тоқаев пен Білім министрі Асхат Аймағамбетовке питиция әзірлеп, қол жинап жатыр.

Фото: azattyq.org

Байланысты жаналықтар

Революцияны болдырмайтын жалғыз жол

06.01.2021

Озық елдер баланы 12 жыл оқытады

24.03.2020

1,6 миллиард теңге жымқырғандар сотталды

11.12.2020

Біртановтың Тілеухан мен Перуашевқа алғысы осы болды

14.05.2020

Денис Тен қазасынан сабақ алған жоқпыз

29.09.2020

Бүгін коронавирусқа шалдыққан он адам жазылды

28.03.2020