Цой сенбейді, Аймағамбетов сенеді. Кім патриот?

  • 01.10.2020
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сынақтан өтіп коронавирусқа қарсы жатқан отандық вакцинаға "сенім артады", бірақ оны өзіне салдырмайды. Ал білім және ғылым министрі әлі сынақтан толық өтпеген вакцинаны өзіне алғашқылардың бірі болып салдырды.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел ғалымдары жасап шығарған, қазіргі кезде снақтан өтіп жатқан коронавирусқа қарсы вакцинаға сенім артатынын мәлімдеді. "Қазір клиникалық кезеңге дейінгі сынақ аяқталды, енді клиникалық зерттеудің бірінші және екінші фазасы жүріп жатыр. Ол қараша-желтоқсанда аяқталады. Сол кезде бұл вкцинаның қаншалықты тиімді екенін түсінеміз", - деді А.Цой.

Бірақ Алексей Цой мен оның орынбасарларының ешқайсысы сынақтан өтіп жатқан вакцинаны  салдырмаған. Ал денсаулық сақтау саласына қатысы болмаса да, отандық ғалымдарды қолдаған білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов вакцинаны алғашқылардың бірі болып алған.

"Вакцинаны салдыру үшін ол барлық сынақ кезеңінен, тексерістен өтуі керек. Қауіпсіздігін дәлелдеуі керек. Вакцинаны салдыру-салдырмау – әріптестердің өз еркі. Біз қазір сынақ нәтижесін күтіп отырмыз. Сол нәтижеге қарап оны салдыру немесе салдыруға ұсыну жағын шешеміз", - деді министр.

"Вакцинаны неге салдырмадыңыз? Қорқасыз ба?" деген сұраққа А.Цой: "Оның тиімділігіне, адамға қалай әсер ететініне әзірге көз жеткізбедік. Салдырған әріптестер өздерін жақсы сезініп жатыр деп естідік. Олар үшін қуаныштымыз", - деді Цой.

Сонда отандық ғалымдарға сеніп, вакцина салдырған А.Аймағамбетов патриот та, вакцинаның толықтай сынақтан өтіп біткенін күтетінін А.Цой патриот емес болғаны ма?

Байланысты жаналықтар

Полиция бастығы адам қағып, қашып кетті

29.05.2020

Балықшылар неге ұры боп жүр?

30.10.2020

Ералы Тоғжанов, ауылымызға кел!

19.04.2021

Кәсіпкерлер жамбылдықтарға жәрдемдесті

22.07.2020

ДДСҰ не дейді, Біртанов не дейді?

05.06.2020

"Тоқаев үстемақыны ұпай жинау үшін айтқан жоқ шығар?"

16.06.2020