"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

Депутат Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азамат пен мемлекет жарнасына қатысты шағым айтты

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

Депутат Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азамат пен мемлекет жарнасына қатысты шағым айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"МӘМС жүйесінде әрбір азамат ай сайын жалақысынан 2% жарна төлейді. Жұмыс беруші де әр қызметкері үшін қосымша 3% аударады. Бұдан бөлек, 15 санаттағы азаматтар бар: зейнеткерлер, балалар, студенттер және тағы басқалар. Олар үшін жарнаны мемлекет төлеуге тиіс. Заң бойынша — орташа жалақының 2%-ы көлемінде. Ал іс жүзінде не болып жатыр?" - деп жазған ол. 

Депутаттың айтуынша, азаматтар мен жұмыс берушілер жарнаны уақтылы төлейді, төлемесе — бірден жүйеден шығарылады, медициналық көмек тоқтайды. Ал мемлекет ше? Қаржы министрлігі жарнаны орташа емес, медиандық жалақыдан есептейді. Бұл — заңбұзушылық.

"Орта есеппен жүйе жыл сайын 250 млрд теңге жоғалтады. 2024 жылы тіпті осы азайтылған жарнаның жартысы ғана төленген. Соның салдарынан денсаулық сақтау жүйесі 2024 жылы 500 млрд теңгеден астам қаражаттан қағылды. Бұл жай ғана сан емес", - дейді ол. 

Депутат қаражаттың түспеуінен пайда болатын мәселелерді атады:

• емханалардағы ұзын-сонар кезектер,

• қолжетімсіз анализдер мен дәрі-дәрмек,

• және уақытында көмек ала алмаған мыңдаған адам.

Сонда қалай болады?

"Азамат төлемесе, жүйеден шығарылады. Ал Қаржы министрлігі төлемесе, ештеңе болмайды. Ешкім жауап бермейді. Заң бәріне ортақ болуы керек", - деді ол. 

Фото: ОКҚ

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді