Айыппұл жүйесі әділетті әрі тиімді болу үшін оны қайта қарау қажет – Асхат Аймағамбетов, депутат

Депутат кей айыппұлдың талас тудыратынын айтады

Мәди Саматұлы

  • 26.01.2025

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздің айыппұл жүйесіндегі бірқатар түйткілді мәселеге тоқталып, оны қайта қарай қажет деген ұсынысын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, өкінішке қарай, көп жағдайда әкімшілік жаза жүйесі өзінің негізгі мақсатын — заңбұзушылықтарды алдын алу және түзету — жоғалтып, бюджет кірісін арттыру үшін қолданылатын қарапайым құрал ретінде қабылданады.

Мемлекеттік органдар жаңа «штрафоцентризм» деген ұғымның қауіпті екенін түсінуі керек, өйткені бұл әкімшілік жауапкершілік институтына деген сенімді бұзады. Сондықтан шаралар қабылдау қажет.

Айыппұлдардың мақсаты: жазалау емес, алдын алу

Айыппұлдар — заңбұзушылықтардың алдын алу және әділеттілікті қалпына келтіру үшін бүкіл әлемде қолданылатын қалыпты құрал. Талас тудыратын мысалдар:

• Мектептерге салынған айыппұлдар:

Үш ауысымда жұмыс істейтін немесе жабдықтары жетіспейтін, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген мектептер айыппұлдарға ұшырайды. Алайда мектеп директорлары қаржыландырудың жетіспеушілігі немесе әкімдік мектептерді қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасаудың орнына «человейник» салуға рұқсат берген сияқты жүйелі мәселелер үшін жауапты бола алмайды. Сонымен қатар айыппұлдың мөлшері 600-900 мың теңге аралығында.

• Көлік тұрағы төлемақысы:

Тұрақтың құны 100 теңге болса, оның төленбеуіне салынатын айыппұл 200 есе жоғары.

Шамадан артық және «штрафоцентризм» мәселелері

Кейде айыппұлдар бюджет кірісінің негізгі көзіне айналғанда, олардың мақсаты тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуден қаржылық пайда табуға бағытталады. Бұл жағдай заңдардың қолданылуының әділетсіздігіне және оларды қолданудың дұрыс емес бағытына әкеп соғуы мүмкін. Штрафтар тек қаржылық санкция ретінде емес, қоғамдағы тәртіпті сақтаудың тиімді құралы болуы керек.

Айыппұл жүйесі әділетті әрі тиімді болу үшін оны қайта қарау қажет.

Ұсыныстар:

Шамаға сай және әділеттілік:

Айыппұлдар ақылға қонымды болуы керек және заңбұзушылықтың ауырлығын ескеруі қажет.

Айыппұлдарды оқу шараларымен үйлестіру:

• Құқық бұзушылар арнайы курстардан өтуі мүмкін.

• Құқық бұзушылар қалпына келтіру жобаларына және қоғамдық жұмыстарға қатыса алады.

Айыппұлдардың мақсатты бағытталуы.

Бірқатар айыппұлдар нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге мақсатты түрде жұмсалуы тиіс. Бұл ақшалар тек маңызды мақсаттарға — мысалы, қатерлі ісікті емдеуге немесе мектептер салуға — жұмсалуы керек. Адамдар айыппұлдардың қоғам игілігі үшін жұмсалып жатқанын көруі тиіс, олар бюджеттің қаражатына сіңіп кетпеуі керек.

Жоспардан және науқандардан бас тарту:

Әкімшілік айыппұлдар бюджетті толықтыру құралына айналмауы тиіс.

Фото: Парламент Мәжілісі

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.