Шөкеев Назарбаевты алдапты

  • 06.10.2020
  • Malim Админ

Бір апта бұрын ғана экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Түркістан қаласына барып, былтыр ғана жеке шыққан облыс орталығында салынған, пайдалануға берілген (!) бірқатар ғимараттарды аралаған.

Солардың ішіндегі ең негізгісі – Түркістан халықаралық әуежайы. Бұл әуежайдың ашылу салтанатын Назарбаевтың қатысқаны туралы оның баспасөз хатшысы Айдос ҮКІБАЙ хабарлаған.

"Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынды», - деп сүйіншілеген Үкібай Twitter-де.

Бірақ, ашылу салтанаты болды деген сөзді не Үкібай түсінбей қалса керек, не Шөкеев күнде кеп жатқан жоқсыз ғой», деп, ырымдады ма екен, асығыстық танытқан сияқты. Ал негізінде әуежай әлі дайын емес. Жылына 3 млн-ға дейін адам қабылдай алатын әуежай Ыстамбулдан бастап, әлемнің бірнеше елінен турист тартатын әуежай келесі жылы пайдалануға беріледі. Сонда, Назарбаев қандай әуежайды ашып жүр? Шөкеев қандай әуежай көрсетіп жүр? Түркістанның уақытында пайдалануға берілген әуежайы қайда? Тағы да көзбояушылық па? Бұл туралы Facebook-та блогер Юлия Нечаева жазды.

«Бір апта бұрын ғана жаңа әуежайдың уақытында пайдалануға берілгенін, бәрі майдай екенін көрдіңіздер ғой. Біз де. Сосын біз жаңа портты көріп қайтайық дедік. Қызық емес пе! Навигаторға «Международный аэропорт Туркестан» деп енгіздік. Бір бағытты ойқы-шойқы жолға түскенде митыңдадық та қалдық. Бір айдаламен жүріп келеміз, бірақ, навигатор бізді ой-шұқыры көп жолмен жетеледі де отырды. Ақыры жеттік-ау әуежайға, бірақ, жаңасына емес, бірнеше жылдан бері жұмысы тоқтаған ескісіне. Ғимарат құлағалы тұр. Міне сізге «халықаралық әуежай», - деп жазады Нечаева.

[caption id="attachment_7973" align="alignleft" width="960"] Түркістан халықаралық әуежайы. Фото Юлия Нечеваның Facebook парақшасынан алынды.[/caption]

Бұдан ары қарай жаңа әуежайды қалай іздеп тапқандарын айтады. «Адамдардан сұрап едік, «қайдағы жаңа әуежай» дегендей бетімізге аңтарыла қарады». Демек, көптеген тұрғындар экс-президент пен премьер-министр, әкім үшеуі жабылып, «ашылу салтанатын» өткізген әуежайдың қайда екенін әлі білмейді.

«Қысқасы, біз Түркістанның жаңа әуежайын тауып, барғанда, аяқталып тұрған уәделі әуежайды емес, құрылыс алаңын көрдік. Маңдайшасы ғана тұр. Екі жағы, айналасы шаңнан көрінбейді, құрылыс крандары, құрылысшылар. Гугл да ғасыр құрылысы – жаңа әуежайдың қайда екенін білмейді. Бірақ, әуежай уақытында пайдалануға берілді».

Өзі ашылу салтанатына қатысқан әуежайды Гугл-дан бастап тұрғындарға дейін әлі білмейтінін тұңғыш президент біле ме, жоқ па? Білсе де, білмесе де, Шөкеев сүйікті президентін алдады дегенге ауыз бармайды, не де болса, үстіне шаң қондырмай, кіре берістен қайтаруды жөн көрген сияқты.

Байланысты жаналықтар

Әбдіқалықованың екі жұлдызы

04.06.2020

Көп құдайға сенетін Талғат: адамдар ішіме жын кірген деп ойлайды

14.05.2021

Жәкішев бостандыққа шыға ма?

29.02.2020

Қыздарымызда қырық медаль

31.05.2021

"Достық үйінде" қазақтану процесі жүріп жатыр"

14.02.2020

Олимпиада жолдамасы: Соңғы мүмкіндік үшін кімдер күреседі?

30.04.2021