Үкімет шағын және орта бизнеске қалай көмектеседі?

  • 04.09.2020
  • Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жолдауындағы кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмыстар қалай жүзеге асады? Пандемия кезінде аса ауыр жағдайда қалған орта және шағын бизнеске үкімет нақты қандай жәрдем көрсетпек? Бұл туралы бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан СМАЙЛОВ Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты, — деп хабарлайды МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі.

Сонымен шағын және орта бизнес өкілдері жылдың соңына дейін еңбекті төлеу қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қоры мен зейнетақы қорына да аударым жасаудан босатылды.Және мемлекеттік, квазимемлекеттік мекемелерден жалға нысан алған болса аренда үшін ақша төлемейтін болады. Әлихан Смайловтың айтуынша, «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді алты пайыз бойынша несие беру арқылы субсидия беріледі. Сондай-ақ, отандық бизнес өкілдерін қолдау мақсатында қосымша 200 миллиард теңге бөлінеді.

«Бұл бизнеске, әсіресе, олардың қызметіне қатысты шектеу шараларын енгізу жағдайында үлкен жүктеме әкеледі. Бизнеспен кездесу барысында бизнес бұл несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мәселесін негізгілердің бірі ретінде қойды. Сондықтан Мемлекет басшысы зардап шеккен секторлардағы барлық ШОБ субъектілеріне олардың кредиттері бойынша төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап, яғни  2020 жылғы 16 наурыздан 2021 жылғы 16 наурыз аралығында 12 ай ішінде жылдығы 6%-ға дейін субсидиялаумен қолдаудың қосымша шараларын көрсету туралы шешім қабылдады», — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан АСХАНҰЛЫ.

Бизнес саласындағы атмосфераны жақсарта түсу үшін кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енеді. Бастысы түрлі кедергілерді жою және олардың мемлекеттік және басқада органдармен қызметін жетілдіру.

Үкімет бұндай қиын кезде қолдаумен қатар салық төлеуден жалтарған һәм бөджет қаражатына қол сұққандарды анықтамақ. Экономикалық тергеу жұсыстарын қолға алмақшы. Яғни бизнес пен бюджетке зардап әкелетін көлеңкелі экономикаға қарсы жұмыстар жүргізілмек. Ақша аударымдарына қатысты заңдар жетіле түссе, салықтық және кедендік базалар цифарландырылады.

«Біз көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жоспарлы жұмысты жүзеге асырып жатырмыз. Оның көлемі ақырын-ақырын төмендейді. Бұған дейін сараптамалық бағалау оның ЖІӨ-нің 40% деңгейінде болатынын болжаған болса, қазіргі таңда көлеңкелі экономика деңгейі ЖІӨ-нің 23,7 %-ын құрайды. Көлеңкелі экономика үлесінің азаю тұтас экономикалық секторға оң әсер етеді. Әрине,оның ішінде бағанадан бері айтып жатқан орта және шағын бизнес те бар», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смаилов. 

Бастысы салықтар санын азайту мақсатында салық заңнамасы қайта бір қаралып шықпақшы екен. Шағын және орта бизнес пандемия кезінде қиындыққа тап болғандықтан бөлек салық қана төлейтін болады. Бұл дегеніміз әдеттегі салықтардан анағұрлым аз деген сөз. Жалпы, үкімет экономиканың жаңа серпін алып әртараптануы үшін салық ставкалары қарастырылатын болады екен.

С. Назарова. 

Фото: kursiv.kz

Байланысты жаналықтар

Атыраудың дәрілері Ақтөбенің қоймасында не істеп жүр?

23.10.2020

Көрші елдерде қалыңмал қанша, жасау қандай?

28.09.2020

"Ақтөбеде мәйітханалар толып кетті"

29.06.2020

Malim.kz сайтында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

02.12.2020

Этномәдени мүшелері  қайырымдылық шарада аянып қалған жоқ

30.04.2021

Денис Теннің өліміне қатысы бар адам бостандыққа шықты

06.01.2021