Індет қалай тоқтайды?

Malim Админ

  • 14.10.2020

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ол қазіргі кезде халықты толғандырып отырған өзекті сұрақтардың біріне жауап берді.

«ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус мырза айтқан ұйымның ұстанымын атап өткім келеді, оған сәйкес індеттің таралуы вирустың адамдар арасындағы еркін айналымына емес, жаппай вакцинациялауға негізделген иммунитеті бар халықтың үлесі басым болған кезде тоқтайды. Осылайша, вакцинамен басқарылатын иммунитет инфекцияның таралуын болдырмауға негіз болады. Осыған байланысты, вакцина әзірленбейінше, бәріміз үнемі қол жуып, өңдеп, бетперде тағып, карантиндік шараларды және әлеуметтік қашықтықты сақтауымыз қажет», - деп ескертті министр.

Елімізде тұмауға қарсы профилактикалық вакцинациялау 15 қыркүйекте басталды. Екпе жасау науқаны «маусымдық инфекциялар мен коронавирустық инфекцияның жаңа толқынын» азайту үшін ерте басталды. Ол үшін тұмауға қарсы вакциналардың 2,2 млн дозасы сатып алынды, бұл республиканың жалпы халқының 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді. ДДСҰ ұсынған қамтудың ең төменгі шегі - 10%. Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына жататын 1,8 млн адам егілді. Осы аптаның соңына дейін вакцинациялау толығымен аяқталады.

Сонымен қатар, CОVID-19 вакцинасына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін вакцинациялауға жататын тәуекел топтар анықталды. Бұл 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер.

Республика бойынша вакцинациялауға жататындардың алдын ала саны 2,8 млн адамды немесе бүкіл халықтың 15 пайызы. Бұл ретте вакцинаның 5,6 млн дозасы қажет. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой өз баяндамасында осылай деді.

Министрлік ресейлік «Спутник V» вакцинасын, «AstraZeneca» компаниясының Оксфорд вакцинасын және қазақстандық вакцинаны сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулерге ресми түрде жіберді. 17 қыркүйекте вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы базасында клиникалық зерттеулердің I фазасын жүргізуге рұқсат берілді. 17 қарашада II кезеңнің клиникалық зерттеулері аяқталады, ал III кезең 2021 жылдың сәуір айының соңына дейін жалғасады», - деді А. Цой.

Байланысты жаналықтар

2020 жыл: Өтірікші, "көріпкел" және сараң шенеуніктер

31.12.2020

Ресейлік вакцина сынағына қатысқандар вирус жұқтырды

28.10.2020

Белсенді дәрігер: Біртановты жалған намыс құртты

25.06.2020

Цойдың алдында тұрған төрт міндет

26.06.2020

Батыс Қазақстанда карантин қайта басталды. Неге?

13.09.2020

Вирустың жаңа штамы: Ауырып шыққандар қайта жұқтыра ма?

19.03.2021
MalimBlocks
2020 жыл: Өтірікші, "көріпкел" және сараң шенеуніктер

Ресейлік вакцина сынағына қатысқандар вирус жұқтырды

Белсенді дәрігер: Біртановты жалған намыс құртты

Цойдың алдында тұрған төрт міндет

Батыс Қазақстанда карантин қайта басталды. Неге?

Вирустың жаңа штамы: Ауырып шыққандар қайта жұқтыра ма?