Сарапшылар сайлау қашан өтетінін айтты

  • 19.10.2020
  • Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қашан өтетінін екі-үш күннің ішінде жария етеді. Өйткені «Сайлау туралы» заңның 85-бабына сәйкес, президент Тоқаев мәжіліс депутаттарының сайлауын олардың өкілеттігі мерзімінің бітуінен кемінде бес ай бұрын тағайындауы тиіс. Ал мәжілістің алғашқы сессиясы 2016 жылдың  25 наурызында басталғанын ескерсек, президент мәжіліс сайлауы қашан өтетінін 25 қазанға дейін айтуы керек.

Ал енді сайлау қашан өтетіні заңда тап басып көрсетілмесе де, «Сайлау туралы» заңның 85-бабына қарағанда, президент кезекті сайлауды мәжіліс депутаттарының өкілеті бітуінен екі айдан кешіктірмей өткізеді. Яғни заңға сүйенсек, кезекті сайлау 25 қаңтарға дейін өтуі тиіс.

Сарапшы, экс-дипомат Қазбек Бейсебаев парламент мәжілісің сайлауы желтоқсанның аяғы-қаңтардың басына қойылуы мүмкін деп болжайды."Оқушылардың каникулдары қашан басталады? Сайлау комиссияларының мүшелері кім? Мұғалімдер. Сондықтан олар қашан бос? Каникулда бос. Демек, сайлау сол мерзімге қойылады", - дейді сарапшы.

Сайлау мерзімі әлі белгіленбесе де, кей блогерлер мен билік партиясы жанындағы институттар сайлауда қай партияның жеңетінін алдын ала болжауға кірісіп кетті. Мәселен, Nur Otan партиясы жанындағы қоғамдық институты жүргізген сауалнамаға қарағанда, сайлаушылардың 76,8 пайызы билік партиясына дауыс бермек. Кей блогерлер Telegram арналарында сауалнама жүргізген. Онда да билік партиясы 80 пайызға жуық дауыс жинапты.

"Мұның бәрі саяси технологиялар, - дейді сарапшы, экс-дипломат Қазбек Бейсебаев. - Қоғам пікірін осылайша сайлауда билік партиясы жеңіске жетеді дегенге дайындап жатыр. Сосын "Нұр Отан" жеңетіні белгілі еді, алдын ала жүргізілген сауалнамалар да осы нәтижені көрсетті дейді.  2012 жылы, 2016 жылы да сайлау қорытындысы алдын ала жүргізілген сауалнамалар нәтижесін қайталады".

Қазбек Бейсебаев сайлауда "Нұр Отан" елу пайыз дауыс та ала алмауы мүмкін дейді. "Қазір ахуал басқа, азаматтар "Нұр Отан" мен билікке наразы. Ең бастысы, билік партиясының оң нәтжесі жоқ, елдегі проблемаларға осы партия жауапты. Қоғам да сайлауға дайындалып жатыр. Стратегиясы дайын болмаса да, қамданып жатыр. Белсенділер өткен президент сайлауындағы бақылаушылар тәжірибесі мен белорустардың ақпараттық технологиясын қолданады деген ақпарат бар. Ал әзірге мынаны айқындаған жө. "Нұр Отан" сайлауда 50 пайыздан аз дауыс жинаса, барлық деңгейдегі әкімдерді ауыстыру мәселесін көтеруге болады. Бұл жерде тек парламент сайлауы туралы ғана емес, мәслихат сайлауы туралы да әңгіме болып отыр. Мысалы, белгілі бір ауданда мәслихат сайлауында "Нұр Отаннан" басқа партиялар көбірек дауыс жинаса, онда олар өз үміткерлерін ауыл, тіпті аудан әкімі лауазымына ұсына алар еді. Мұны жергілікті элита да түсінуі керек".

Бұған дейін белсенді Тоғжан Қожалиева сайлау "қаңтар-ақпанда өтуі мүмкін, билік оның алдында қатаң карантин жариялап, дауыс беруді онлайн өткізуі мүмкін" екенін айтқан.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзі басқаратын ведомство сайлаудың барлық форматын, оның ішінде онлайн дауыс беруді де қарастырып жатқанын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: "Мәжіліс сайлауы онлайн өтуі мүмкін"

Байланысты жаналықтар

Президентті ұрған адамға қатысты үкім шықты

11.06.2021

Ұстаздардың емтиханынан «Nur Otan» өкілдері сүрінбеді

23.12.2020

Даулы заң: Тоқаев Конституциялық кеңеске жүгінді

12.05.2021

Қостанайлықтардың таңдауы «Nur Otan»

08.01.2021

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

15.12.2020

Абаев Әшімбаевтың орнына келді

04.05.2020