Тасмағамбетовтің күйеубаласы АҚШ сайлауын шулатып жатыр

Malim Админ

  • 22.10.2020

Батыс басылымдары АҚШ-тағы президент сайлауының қарсаңында Джо Байденге қарсы компроматтарды жариялап жатыр. Кей компроматтардың арасында Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы, бизнесмен Кеңес Рақышевтің аты аталады.

The New York Post қазанның 20-сы күні "Фото Джо Байденнің Хантердің (Байденнің ұлы) Қазақстандағы ықтимал серіктесімен кездескенін" көрсетеді деген мақала жариялаған. Мақаладағы басты суретте Джо Байден, ұлы Хантер, Кеңес Рақышев пен Кәрім Мәсімовпен түскен суреті жарияланған. Бұл суретті бұған дейін Активтерді қайтару жөніндегі Қазақстан бастамасы (KIAR - Kazakhstan Initiative on Asset Recovery) 2019 жылы жариялаған. The New York Post өткен аптада "Байденнің құпия email-дері" атты зерттеу жариялап, онда Хантер Байденнің бизнестегі серіктерімен қарым-қатынасын әшкере ететін есептерді қоса тіркеген. Есепте Кеңес Рақышев АҚШ-тағы брокерлік инвестицияларға ара ағайындық жасаған Байденнің ұлына ақша төлегені айтылады.

Ал британдық Daily Mail таблоиды Хантер Байден мен Кеңес Рақышевтің жазысқан хаттарын жария етті. Басылым Хантер Байденнің әкесі вице-президент болып тұрғанда ұлы жемқорлыққа белшеден батқан елдерде бизнес жүргізгенін жазды.

Мысалы, "2012-2014 жылдар аралығында Хантер өзін-өзі "кәсіпкер, инвестор және халықаралық бизнесменмін" дейтін Кеңес Рақышевке арағайындық жасап жүрген" дейді басылым.

Daily Mail-ға Орталық Азиядағы жемқорлықпен күресуші белсенділер жіберген хаттарға қарағанда, кіші Байден Нью-Йорк пен Вашингтондағы жобаларға ақша құйғысы келген Рақышевпен кездесулер өткізген. Тіпті Рақышевпен кезесу үшін Байденнің ұлы астанаға келіп кеткен екен.

"Содан кейін Хантер Байден Рақышевті сенатор-демократ Джон Керридің қызы, кинорежиссер Александра Форбс Керридің фильм шығарушы компаниясына миллион доллар қаржы құюға көндірмес бұрын Невададағы тау-кен компаниясын сатып алуға көндіруге тырысып, компания өкілдерімен кездесу ұйымдастырған".

"Кіші Байденге жетік емес ағылшын тілінде хат жазған Рақышев онымен жақын болып кеткендей. Ол Хантерді "менің бауырым!" және "басқа анадан туған бауырым!" деп атаған.

Рақышев пен Байден хаттарында отбасылық мерекелердегі өсектерді жазады, екеуі Нью-Йорк пен Вашингтондағы қымбат ресторандарда бірге тамақтанған.

Басылым Кеңес Рақышев Тимур Құлыбаевқа Британ Виргин аралдарында тіркелген фирма арқылы Эндрю ханзаданың Виндзордағы Sunninghill Park сарайын 15 миллион фунтқа сатып алуға көмектескенін, Ұлыбританияда есімі осының арқасында белгілі болғанын жазады.

Daily Mail 2012 жылы Рақышев Forbes есебінше 332 миллион долларымен магнаттардың тізіміне енгенде, басқа олигархтар ұқсап ақша құюға болатын қауіпсіз жер іздеп, АҚШ-қа келгенін келтіреді. Алайда қатаң реттелетін Батыс капитализмі әлемінде инвестициялық серіктестер Рақышевтің ақшасын алуға ынталы болмаған. "Бұған кімді кінәлайсың? Ешкім оның ақшасы қайдан шыққанын білмеді. Мысалы, Mail қолға түсірген электронды хаттар Дүниежүзілік банктің еншілес ұйымы – Халықаралық қаржы корпорациясы IFC Рақышевпен келіссөз жүргізгенін көрсетеді".

IFC олигархқа сыпайы түрде онымен бірге инвестиция жасай алмайтынын, себебі due diligence тексеру шаралары оның президент отбасымен байланысы бар екенін көрсеткенін алға тартқан.

Басылымның жазуынша, осы уақытта Рақышев АҚШ-тың әділет министрлігі назарына ілінген. Кейін ол Қазақстанның мұнай-газ саласына иневстицияларға қатысты шетелдегі жемқорлықпен күрес заңын ықтимал бұзушылық ісіне іліккенімен, ешқандай айып тағылмаған. Әлбетте, мұның барлығы Рақышевтің көңілін қалдырып, ақыр аяғы осы нәрсе АҚШ-тағы ең ықпалды әулеттің өкілі Хантер Байденмен кездесуіне ықпал еткен болуы мүмкін.

Сөйтіп, 2012 жылдан бастап Рақышев кіші Байденмен хат алмаса бастайды. Шілде айында хантер астанаға келген. "Сізбен сөйлесіп, Қазақстан сапардың қорытындысы бойынша ары қарайғы әрекетті талқылағым келеді", - деп жазады Байден Рақышевке.

"Үш айдан кейін Байден Рақышевке шығыс Аризонадағы калий өндіретін Prospect Global Resources-қа инвестиция құю жөніндегі келіссөздерді жүргізуге көмектескен. Mail басылымы қолға түсірген хаттар келіссөздер үзіліп қалғанымен, екеуі достық қарым-қатынаста қалғанын көрсетеді".

Кейін де хат алмасулар жалғасқан. Ал 2013 жылдың аяғында Байденнің серіктесі Арчер Рақышев пен жоғарыда аты аталған Джон Керридің қызымен конференц байланысты ұйымдастырған.

Сол қоңыраудан кейін Рақышев Байденге "Басқа анадан туған бауырым, рахмет! Көп рахмет, бауырым!  1 миллион салуға шештік. Менің поштамды оларға берші" деп жазады. Осылайша Рақышев фильм шығарушы компанияға ақша құйған.

Басылымның жазуынша, еш уақытта Рақышевке қарыз екенін жария түрде мойындамаған Форбс Керри келісімшартты 2014 жылдың қаңтарында жасасты. Келесі айда ол Рақышевпен Вашингтонда кездесіп, кешкі ас ішкен.

"Сізді, Деваон мен Хантерді көргеніме қуаныштымын. Тамаша сағат үшін алғыс айтқым келеді. Оны үстелде отырғанда ашпағаным өкінішті. Мен оны балаларға арналған сыйлық деп ойлап қалыппын, сондықтан үйге барғанда бір-ақ аштым. Ол өте әдемі, сіз сондай жомартсыз. Нью-Йоркке тезірек отбасыңызбен келіңіз. Біз сізді қонақ етеміз", - деп жазады Форбс Керри Рақышевке.

Рақышев хатқа жауабында қыркүйекте келетінін айтып, байланыста болайық деп қайырған.

Кеңес Рақышев фильм шығарушы компанияға 1 миллион доллар ақша құйған соң үш айдан кейін Novatus оффшор компаниясы Хантер Байденнің Rosemont Seneca фирмасына 143 мың доллар аударып, ол "машинаға арналған ақша" деп мәлімдеген. Есепке қарағанда, Novatus-тың жалғыз акционері Кеңес Рақышев.

Фото: Максим Стулов / Ведомости / ТАСС

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Ақан-Шоқан ауылы

10.07.2020

"Аузына май": Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелінің байлығы

05.03.2021

Досановқа жауап: Назарбаев тапсырмасы орындалмаған

19.02.2020

Сотқа сенбейтін Сейсембайды әлеуметтік желі қорғай ма?

21.04.2020

Эстония Ресейге кеткен жерін қайтарып алғысы келеді

03.01.2021

Құл-Мұхаммед Тоқаевты мақтап, Назарбаев құрған одақты сынады

24.09.2020
MalimBlocks
Ақан-Шоқан ауылы

"Аузына май": Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелінің байлығы

Досановқа жауап: Назарбаев тапсырмасы орындалмаған

Сотқа сенбейтін Сейсембайды әлеуметтік желі қорғай ма?

Эстония Ресейге кеткен жерін қайтарып алғысы келеді

Құл-Мұхаммед Тоқаевты мақтап, Назарбаев құрған одақты сынады