Қазақстан канализация жөндеу үшін 328,3 млрд теңге қарыз алады

Malim Админ

  • 27.10.2020

Қазақстан Азия даму банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкінен 328,3 млрд теңге қарыз алатын болды. Не үшін дейсіз бе? Еліміздегі 53 қаланың канализациялық-тазарту құрылғыларын жаңарту, салу үшін. Бұл хабарды бүгін Үкімет отырысында Бейбіт Атамқұлов айтты.

Қазіргі кезде Балқаш, Жаңатас, Жезқазған, Сәтпаев, Степногорск қалаларының канализациялық-тазарту құрылғыларын жаңартып, салуға техникалық-экономикалық негіз бар және экспертиза шешімі да қабылданып қойған. Осы қалалардағы жұмыстар Азия даму банкінен алған қаржыға істеледі. Жалпы соммасы – 40 млрд теңге.

Ақтөбе, Аягөз, Қапшағай, Қарағанды, Пришахтинск, Риддер қалаларының бұл бағыттағы жұмыстары қазір тексеріс үстінде. Бұл алты қалаға Еуропа қайта құру және даму банкінен алған қаржының 90 млрд теңгесі жұмсалмақ.

Атамқұлов бұл жобалардың жұмысы пандемияға байланысты 2021 жылдың бірінші жартысына қалдырылып отырғанын айтты.

Қалған ақша басқа 42 қаланың канализациялық-тазарту құрылғыларын жаңартуға, салуға кетеді екен. Бұл жұмыс министрдің сөзінше, 2025 жылға жоспарланып отыр.

Есеп комитетінің мәліметінше, республикамызда канализация жүйесінің 52,2 пайызы ескірген. Барлық моноқалаларда, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарына басқа аймақтардағы қала аудандарына кірмейтін шағын шаһарларда канализация жүйесінің ескіруі 50 пайыздан асып кеткен.

Осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымов 4 қалада ғана канализация құбырлары дұрыс істеп тұрғанын айтқан. Қалғандары жобалаудың қателігіне байланысты дұрыс істемейді деген болатын.

Қарыз десе, бірінші жүгіретін Қазақстан каналаизацияны да өз қаражатына істей алмайды екен.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбеде мұнайшылар жұмысқа шығудан бас тартуда

25.01.2021

Дәрігерлер Алматыдағы 4 науқастың жағдайы туралы айтты

14.03.2020

Миллиардтардың дауы: Трамплин қарызын кім қайтарады?

20.05.2021

Карантин кезінде жұмысшылар құқығы қалай қорғалып жатыр?

24.03.2020

Мамин Нұр-Сұлтанда жүріп-тұруға бір жылда 140 миллион теңге жұмсамақ

26.10.2020

Алматыда 1000 жас отбасы баспанамен қамтылады

20.02.2020
MalimBlocks
Ақтөбеде мұнайшылар жұмысқа шығудан бас тартуда

Дәрігерлер Алматыдағы 4 науқастың жағдайы туралы айтты

Миллиардтардың дауы: Трамплин қарызын кім қайтарады?

Карантин кезінде жұмысшылар құқығы қалай қорғалып жатыр?

Мамин Нұр-Сұлтанда жүріп-тұруға бір жылда 140 миллион теңге жұмсамақ

Алматыда 1000 жас отбасы баспанамен қамтылады