Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Митинг өтті дүркіреп

Қанат Тілеухан Авторы: Қанат Тілеухан
02.11.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Алматыда Шоқан Уәлиханов ескерткішінің маңында саяси реформалар мен саяси тұтқындарды босатуды талап еткен рұқсат етілген митинг өтті. Жиналғандар диссидент-ақын Арон АТАБЕК, қоғам белсендіcі Макс БОҚАЕВ бастаған азаматтарды босатуды және саяси реформалардың іске асыруды талап етті.

Митингіге қоғам белсенділері, оппозицияшыл саясаткерлер, аймақтан келген белсенділер қатысты. Митинг ұйымдастырушылары – құқық қорғаушылар Ғалым Ағелеуов пен Бақытжан Төреғожинаға қала билігі бұл митингіні өткізуге рұқсат етті. Митингіге келушілерді полиция бақылап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде өзгертіледі делініп, талқылаудан кейін қабылданған “Бейбіт шерулерді ұйымдастыру және өткізу” туралы заңға өзгеріс енгізілген соң, митинг өткізу үшін бұрынғыдай қала билігінен рұқсат сұрау керек емес. Бірақ митингінің өтетіні жергілікті билікке алдын ала хабарлануы керек

Саяси реформаларды талап еткен митингіге жүзге жуық адам жиналды. Белсенділер қолдарына саяси қуғынға ұшырағандардың фотолары мен талап-тілектері жазылған плакаттармен шықты. Митинг бастала салысымен ұйымдастырушылар мен белсенділер саяси қуғынға ұшыраған тұтқындар мен таяуда ұсталған белсенділердің аты-жөндерін оқып шықты.

Митингіні ұйымдастырушылар мен сөз сөйлеген белсенділер

Митингінде саясаткер Зәуреш БАТАЛОВА, экономист Айман Тұрсынхан, режиссер Еркін Рақышев, оралдық «Уральская неделя» басылымының редакторы Лұқпан Ахмедияров, қоғам қайраткері Ермұрат БАПИ, ЖСДП партиясының өкілі Айдар Әлібаев бастаған демократияшыл тұлғалар сөз сөйледі.
«Қазақстанда нақты саяси реформалар жасалуы тиіс. Бізге қос палаталы парламент керек емес. Сайлауға бір мандатпен де түсетін жүйені қайтару керек», – деді саясаткер Зәуреш Баталова.

Митнгіде саяси тұтқындарға бостандық талап етілді

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қазіргі күні саяси көзқарас үшін қуғындалып жатқандардың тізімін оқыды. Олар: Қуат Уәлиев, Динара Мүбарак, Ербол Есқожин, Айбек Сәбитов, Анна Шөкеева, Нұрбол Өнерхан және т.б. Рұқсат етілген митингіде әкімдік өкілдері, медицина қызметкерлері болды. Полиция тек сырттай ғана бақылап тұрды. Митингіге жиналғандардың барлығына сөз берілді.

Митингіге қатысқандар саяси тұтқындардың портреттері мен ұран жазылған плакаттарды ұстап тұрды

Митингіде  қоғам қайраткері, белгілі журналист Ермұрат Бапи де сөз сөйлеп, өзгеріс жасаудың жалғыз жолы митингілер екенін айтты.
«Қазақтар беларусьтардан, қырғыздардан кем емес. Біз де өзіміздің болашағымыз үшін күресе аламыз. Нақты саяси реформаларды жүзеге асыру үшін митингілерге шығу керек. Сайлауға дейін де, сайлаудан кейін де. Біз әділдікке, бостандыққа митингілер арқылы ғана жете аламыз», – деді Ермұрат Бапи.

Митингіге Оралдан келген журналист, “Уральская неделя” басылымының редакторы Лұқпан Ахмедияров “саяси тұтқындар, шын мәнінде, қылмыс жасаған жоқ, өз ойын ашық айтқаны үшін қудалауға ұшырап қамалды” деді.

Лұқпан Ахмедияров

Сағат он екі мен үштің арасында өтеді деп жоспарланған митинг жарты сағат бұрын аяқталды.

Фотолар автордікі. 

Tags: Айдар ӘлібаевАйман ТұрсынханАлматыАрон АтабекБақытжан ТөреғожинабелсенділерҒалым АқелеуовЕркін РақышевЕрмұрат БапиЖСДПЛұқпан АхмедияровМакс Боқаевмитингнаразылықнаразылық шарасырұқсат етілген митинг

Ұқсас жазбалар

Жұмағали Маханов пен Бекжан Тұрыс

Жұмағали Маханов: «Бекжанға таңғалам, Бақытжанмен сырласам»

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
17.04.2021
0

­«Алдыңғылардың әңгімесінде» қонақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының актері Жұмағали  Махановпен сұхбаттасқан едік. Сахнаның қыр-сырын...

Есенғали Раушанов

Есенғали планета боп кеткен жоқ па осы…

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
16.04.2021
0

16.04.2021. Адам тірі кезінде түскен әдемі суреттері өлген соң неге мұңлы бола қалады екен... Бір кездері жарқылдаған көзқарасы да қош...

Есенғали Раушанов қайтыс болды

Авторы: malim
16.04.2021
0

Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов қайтыс болды. Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек Facebook парақшасында жазған. "Қадірлі ағайын!...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Супермаркеттерде дүрбелең жасамау керек”

13.03.2020
Бақытбек Қадыр

Бақытбек ҚАДЫР. Мәжусилер (хикаят)

08.04.2021

Ресей туын көтеруге тыйым салынды

18.12.2020

Дәрігерлер Алматыдағы 4 науқастың жағдайы туралы айтты

14.03.2020

Ояныңдар, қалмақтар

04.06.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!