457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда жерасты газ құбыры жарылды

Бүгін Алматыда жерасты газ жарылды. Салдарынан жол төсемі бүлініп, Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Белгілі болғандай, Бұқар Жырау даңғылы бойында, Байзақов көшесіне жетпей, газ магистралінде жарылыс болған. Салдарынан жолда үлкен шұңқыр пайда болды, ағаш түбімен қопарылып кеткен.

Оқиға орнында шұғыл қызмет мамандары жұмыс жүргізуде, аумақ қоршауға алынған. Жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.

“QazaqGaz Aimaq” АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, “СантехКомплектГрупп” ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп жатқан орташа қысымды жаңа жерасты газ құбырының тығыздығын тексеру кезінде ауа қоспасының шығуы тіркелген.

Жарылыс салдарынан жол жамылғысы бүлінді, ағаштараш қирады, автокөлік зақымданды.

Қазіргі уақытта апат орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның себептері анықталуда. Оқиға аумағы қоршалған, тұрғындар үшін қауіп жоқ. Қаза тапқандар жоқ, – деп мәлімдеді компания.

Қала тұрғындарына сабыр сақтап, ресми ақпаратты күтуге кеңес берілді.

Фото: QazaqGaz Aimaq