Қытайды 7 млн адам санап жатыр

  • 01.11.2020
  • Malim Админ

Қытай халық республикасында соңғы он жылда бірінші рет халық санағы басталды. Мемлекеттік статистика басқармасының хабарлауынша санақ  қортындысын шығару үшін екі жыл кетеді.

Желтоқсан айына дейін жалғасатын санақ жұмыстарына  жеті миллион адам жұмылдырылған. Бүгін басталған жетінші санақта миллиард қытайды жеті миллион маман санап шықпақшы.

«Бұл санақта тек тек Қытай халқының санын ғана анықтау көзделіп отырған жоқ. Әйел мен ердің саны, халықтың білім деңгейі, адамдардың жұмысқа қамтылуы және жас мөлшерлері де анықталады. Сондай-ақ, жарты жылдан бері Қытайда тұрып жатқан шетелдік азаматтар туралы мәліметтер де жиналады», - деп жазады ТАСС агенттігі.

Қытайда жалпыұлттық санақ 1953, 1964, 1982,1990, 2000 және  2010 жылдары өтті. Соңғы ресми мәлімет бойынша  2019 жылы Қытайда  1,4 млрд адам бар деген мәлімет шыққан. Бірақ бұған Тайвань мен Гонконг, Макао халқы кірмеген.

Фото ғаламтордан алынды.

Байланысты жаналықтар

"Жаңа өзгерістер диссертациялық кеңестердің жауапкершілігін арттырады"

28.05.2021

Ұстаздар күні: Көңіл-күйің қалай, мұғалім?

30.09.2020

Қисық ой: Шенеуніктерге халықты тірідей көрсеткен апатқа алғыс айтқың келеді

26.05.2020

Токио-2021: Қазақстанда қанша жолдама бар?

31.03.2021

Педагог мәртебесі карантинде қалай қорғалып жатыр?

25.04.2020

Әкімдердің арасында ең жаңа автокөлікті Нәлібаев теуіп жүр

18.09.2020