Марко Рубио: Қытай ұйғырларға қарсы геноцид жасап отыр

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 27 ақпанда Тайландтың Қытайға кем дегенде 40 ұйғырды экстрадициялағанын айыптады. Вашингтон ұйғыр халқы геноцидке ұшырап жатыр деген ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы "Америка дауысы" жазды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптауларға қарсы Конвенциясына және адамдарды мәжбүрлі түрде қырып-жоюдан қорғау туралы Халықаралық Конвенцияға сілтеме жасай отырып: «Тайландтың ұзақ мерзімді одақтасы ретінде біз бұған алаңдаймыз, себебі бұл елдің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келуі мүмкін», – деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы.
Рубио бұл оқиға «Халықтардың ең әлсіз топтарын қорғау жөніндегі дәстүріне және Тайландтың адам құқықтарын қорғауға деген адалдығына сәйкес келмейді» деп атап өтіп, барлық мемлекеттерді ұйғыр халқының өкілдерін Қытайға мәжбүрлеп қайтарудан бас тартуға шақырды.
«Қытай коммунистік партияның жетекшілігімен және бақылауымен, мұсылман ұйғыр халқы мен Шыңжаңдағы басқа да этникалық және діни азшылықтарға қарсы геноцид және адамзатқа қарсы қылмыс жасады», – деп жазылған Мемлекеттік департамент сайтының мәлімдемесінде. – Біз Қытай билігін экстрадацияланған ұйғырлардың жағдайын үнемі тексеруге толық мүмкіндік беруге шақырамыз. Тайланд үкіметі Қытай билігінен ұйғырлардың құқықтарын қорғауды тұрақты түрде қамтамасыз етуін талап етуі тиіс».
Шыңжаңдағы ұйғырларды қудалау
2022 жылдың мамырында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Қытай билігінің ұйғырларға қарсы репрессия ауқымын көрсететін есеп жариялады.
Есеп авторлары Қытайдағы ұйғырлар мен басқа да адамдардың заңсыз ұсталу ауқымының халықаралық қылмыстарды, атап айтқанда адамзатқа қарсы қылмыс екенін жариялады.
АҚШ бұл есептің жариялануын қолдады. Өз кезегінде Пекин адам құқықтарының бұзылуына қатысты айыптауларды жоққа шығарады. Алғашында қытай билігі елде ұйғырлар мен басқа этникалық азшылықтар ұсталған лагерьлер бар екенін жоққа шығарды. Бірақ кейін Қытай Халық Республикасы «кәсіби даярлық орталықтарын» құрғанын мойындады, биліктің айтуынша, бұл орталықтар Шыңжаңда терроризм мен сепаратизмді тежеу үшін қажет болған.
Фото: www.hrw.org
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
