Қытай қазақтарының қайраткері Смағұлұлы дүниеден өтті
Ж.Смағұлұлы ұзақ жылдар Шыңжаңдағы оқу-ағарту, мәдениет жұмыстарына белсене араласты.
Қытайдағы Қазақтар арасынан шыққан ең танымал тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, Шыңжаң Халық үкіметі төрағасының бұрынғы орынбасары, Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі Саяси кеңесінің төрағасы болып ұзақ уақыт қызмет атқарған Жанәбіл Сымағұлұлы 22 қараша күні 90 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды отандық БАҚ.
Жанәбіл Сымағұлұлы 1934 жылы сәуір айында Қытайдың Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келген. Қаба аудандық жастар одағы комитетінің хатшысы(1955-60), Пекинде орталық партия мектебінің студенті (1960-65), Алтай аймағының әкімі (1966-67), Бурылтоғай ауданы партия комитеті хатшысының орынбасары (1971-72), ШҰАР төңкерістік комитеті төрағасының орынбасары, Іле облыстық партия комитетінің 1-хатшысы (1974-93), Шыңжаң үкіметі төрағасының орынбасары (1978-79), Шфыңжаң партия комитеті хатшысының орынбасары (1979-93) секілді лауазымды қызмететр тақраған.
Ж.Смағұлұлы ұзақ жылдар Шыңжаңдағы оқу-ағарту, мәдениет жұмыстарына белсене араласты. Қытай коммунистік партиясы он бірінші сайланған орталық комитетінің 3-жалпы мәжілісінен кейін Дэн Сяопиннің реформасын іске асыруға ат салысты.