Мұхамедиұлы ғарышқа Мұхамеджанмен ұшуға дайын

Malim Админ

  • 01.11.2020

«Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек фейсбук парақшасына бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сұхбатынан үзінді жариялады.

«Мәдениет пен спорттың мәртебесіне қызмет еткен, мемлекетшілдігі мығым, шаруа шешуі шапшаң, жанашыр ағам, қайраткер көкем, сырлас досым - Арыстанбек мырзаныңАсыл арнағаберген сұхбатынан үзінді...», - дейді айтыскер ақын видеоны бөлісіп жатып.

Сұхабатты «Асыл арнаның» бас продюсері Ерлан Әбдірұлы алып отыр. Видео монтаждалғанға ұқсайды. «Асыл арна» басшысы өзі бөліскенге қарағанда, Арыстанбек Мұхамедиұлы ғарышқа Мұхамеджан Тазабекпен ұшуға дайындай көрінді.

Видеода айтылған мәтін:

Ерлан Әбдірұлы: Сіз ғарышқа ұшқан болсаңыз, жаныңызға серік қылып кімді алып кетер едіңіз?

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Мұхамеджан Тазабек деген азамат бар. Әңгіме айтып отырсаң, үш сағат қайтып өтіп кеткенін білмей қаласың (күледі). Мен айтар едім, Мұхамеджан Тазабеков батырлығы бар азамат. Мысалы, 1998 жылы Мұхамеджанды әскерге шақырды. Сонда республикалық «Ұланға» өз борышын орындауға келді. Барлығы Мұхамеджанға айтып жатты. «Сен Абайдың 150 жылдығында бас жүлдені алдың, Жамбылдың 150 жылдығында бас жүлде. Бүкіл Қазақстан таңғалып жатыр. Барып басшылардан армияға жарамсыз деген билет ала салсаң болады ғой» деп. Шынымен-ақ, болады ғой. Жоқ, Мұхамеджан айтты: «Мен өз парызымды орындауым керек» деп. Сонда келіп, бір жарым жыл өз әскери парызын орындап шықты. Ондайды қазір іздеп табу қиын. Мұхамеджан атақ, дәрежесіне қарамай, өзі келіп, әскери борышын орындап шықты. Міндеті ғой азаматтық.

Байланысты жаналықтар

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма

22.04.2024

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

27.03.2024

Самат Әбіш шартты жазасын қалай өтейді – Министр жауабы

20.03.2024

Соңғы үкім: Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

29.02.2024

Арыстанбек Мұхамедиұлы: атып тастаса да мейлі...

16.06.2023
MalimBlocks
«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма

Бұл мәселе әлі қарастырылады.

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Самат Әбіш шартты жазасын қалай өтейді – Министр жауабы

Ержан Сәденов оның тұрғылықты жерінде болуы керек екенін айтты.

Соңғы үкім: Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлы: атып тастаса да мейлі...

Бүгін бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «соңғы сөзін» айтты.