Елжан Біртанов қамауға алынды

  • 03.11.2020
  • Malim Админ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің хабарлауынша, аталған ведомство  бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

"Е.А. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санцияланды.  Тергеу мүддесі байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Елжан Біртанов елде коронавирус індеті өршіген тұста отставкаға кеткен. Одан бұрын ол өзі де кронавирус жұқтырып, ауруханада емделген. Өзінің отставкасын Біртанов емделу қажеттігімен түсіндірді.

25 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты қызметінен босатып, орнына Алексей Цойды тағайындаған болатын.

Бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күнгі мәлімдемесінде коронавирустың өршуін денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерімен байланыстырып, сол қателіктерді тексеруге комиссия құруды тапсырған болатын.

2 тамызда  Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен  ұсталғаны хабарланды. Ал 14 тамызда дәрі-дәрмек сатылымына жауап беретін «СК-Фармация» компаниясының экс-басшысы Берік Шәріп қамауға алынған. Ол төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алғанда қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

 

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз

14.12.2020

Байқоңыр – Ресей-Қазақстан байланысын нығайтады

02.06.2020

Қазақстан экономикасын коронавирус талқандайды

05.03.2020

Daily Mail: Тимур Құлыбаев Ұлыбританияда ультразаманауи үй салып алды

02.06.2021

Стратегиялық әріптес Қытаймен қарым-қатынас туралы

31.03.2021

Алексей Цой айтқан сөзінен айнып қалды

01.08.2020