«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

Malim Админ

  • 11.11.2020

Өткенде Malim.kz тілшісіне берген сұхбатында белсенді мұғалім Айман Сағидулла «Үздік педагог» байқауының әділ өтпегенін айтып еді.

«Бұл «Үздік педагог» байқауы әділ өтіп жатқан жоқ деп есептеймін өз басым. Себебі, өзіңіз айтып отырғандай, педагогтар арасында тартыс болуға тиіс. Ал, бізде ондай бәсеке жоқ, себебі, мұғалімдердің көпшілігі ондай байқаудың бар екенін де білмейді, естімейді. Тіпті, көптеген аудандарда білім бөлімдері қалаған адамдар ғана барып қатысады. Негізінен, бұл байқаудың бірінші кезеңі аудан ішінде өтіп, содан іріктелген мұғалімдер облыстық кезеңге өтуі керек. Өкінішке орай, көптеген аудандарда мұндай байқау өткізілмейді. Мысал үшін, мен жұмыс істейтін Алматы облысы, Қарасай ауданында бұл байқау өткізілген жоқ» деген болатын Айман Сағидулла.

Оқи отырыңыз: “Аймағамбетов “Үздік педагог” атағын заңсыз үлестірді”

Енді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұл байқауы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін де назарына ілікті. Конкурстың республикалық кезеңінде жеңіске жеткен физика пәнінің мұғалімі Арнұр Қазыбековтің әлеуметтік желі арқылы Алик Шпекбаевқа айтқан шағым айтқан болатын.

Ол "Үздік педагог - 2020" конкурсының республикалық кезеңінде жеңіске жеткен және 2,7 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталған. Алайда ол Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары облыстық кезеңдегі жеңісі үшін тағайындаған 300 АЕК көлеміндегі сыйақысын бермепті. Ал әріптестері болса, сыйақыларын баяғыда алып қойған.

"Мен "Үздік педагог - 2020" конкурсының облыстық кезеңінде жеңіске жеткенімде Атыраудың бір мектебінде жұмыс істейтін едім. 2 қазанда мені Атырау облысының өкілі ретінде марапаттады, алайда жергілікті атқарушы билік берілуі керек соманы берген жоқ. Ал қалған әріптестерім 5 қазанда бұл сыйлықты алып қойды", - деп жазды Қазыбеков.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, аймақтың Білім басқармасындағылар бұл жағдайға қатысты мынандай түсінік берген. «Жергілікті атқарушы органдар мұғалімдерге 300 айлық есептен кем емес көлемде ақшалай сыйақы беріп, қосымша ынталандыруға құқылы. Бірақ оны беру-бермеуді өз бетінше шешеді. Оның үстіне ол 1 қыркүйекте басқа қалаға көшіп кетті. Яғни 5 қазанда біз басқа мұғалімдерді марапаттағанда ол біздің мектепте жұмыс істеген жоқ».

Арнұр Қазыбековтің шағымын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріп жатыр. «Бұл шағым Атырау облысының Білім басқармасына қарау және шара қабылдау үшін жолданды», - депті агенттіктегілер.

Білім саласы біздің елде жемқорлыққа батқан саланың бірі. Бір ғана байқаудың басынан шу арылар емес. Антикор араласқан соң, Аймағамбетов те құр отырмайтын болса керек.

Байланысты жаналықтар

Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

24.04.2024

Су тасқыны: Құлсарылық 1067 адам эвакуациялық пунктте уақытша тұрып жатыр

24.04.2024

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендеді

24.04.2024

Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

23.04.2024

Құлсары қаласында су деңгейі біртіндеп төмендеп жатыр

16.04.2024

Құлсарыда 2 748 тұрғын үй әлі де су астында

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Премьер-министр Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды. 

Су тасқыны: Құлсарылық 1067 адам эвакуациялық пунктте уақытша тұрып жатыр

Облыс бойынша арнайы ашылған 20 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр.

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендеді

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады.

Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 

Құлсары қаласында су деңгейі біртіндеп төмендеп жатыр

Оны төмендегі мына кестеден көруге болады:

Құлсарыда 2 748 тұрғын үй әлі де су астында

Бүгінде Жылыой ауданында 30 мыңнан аса текше метр су сорылып, су тасқынына қарсы 790 мыңнан аса қап, 200 мың тонна инертетті материал төселген.