Ахметов Зайнулдинді Зайсанға жіберді

Malim Админ

  • 24.02.2020

Өткен аптада Шекарада орналасқан Зайсан ауданының халқы Қытай Халық Республикасынан келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулау шарасына қарсы шығып, бас көтерген болатын. Наразылық білдіргендер түнімен жүріп, бүгін де аудан орталығына көптеп жиналған. Оларға облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ өзі барып, басу айтқан.

Оқи отырыңыз: Ахметов Зайсандағы жұртты әрең тарқатты

Бүгін сол ауданға жаңа әкім тағайындалды. Даниал Ахметовтың үкімімен Зайсан ауданының әкімі лауазымына Серік Зайнулдин тағайындалды. Серік Зинабекұлы бұл қызметті осыған дейін атқарған.

Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан қаласында туған.

1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады.

1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.

1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді.

1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, 1997 жылға дейін аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы.

1997-2004 жылдары Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары,

2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды.

2007-2010 жылдары  – Катонқарағай ауданының әкімі,

2010-2013 жылдары – Зайсан ауданының әкімі

2013 жылдың 28 маусымынан бастап қазірге дейін Үржар ауданының әкімі болып қызмет еткен.

Байланысты жаналықтар

Коронавирус: Зейнеткер әкімдер жұмысқа шыға ма?

26.03.2020

Даниал Ахметов дұрыс түсіндірмеген бе? Шығыс көмірге таласып жатыр

23.09.2021

Даниал Ахметов тергелмейді, қылмыстық іске тартылмайды

01.11.2021

Даниал Ахметов vs кәсіпкерлер: арыз қайтып алынды

12.11.2021

Өз еркімен кететін шенеунік: Экс-әкім енді экс-директор

19.05.2021

Адам өлімінен кейін орнынан кеткен экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды

22.04.2021
MalimBlocks
Коронавирус: Зейнеткер әкімдер жұмысқа шыға ма?

Даниал Ахметов дұрыс түсіндірмеген бе? Шығыс көмірге таласып жатыр

Өскеменде көмірге ұзын-сонар кезек пайда болды

Даниал Ахметов тергелмейді, қылмыстық іске тартылмайды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен оның қоластындағы қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы дәлелденбепті.

Даниал Ахметов vs кәсіпкерлер: арыз қайтып алынды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бизнесмендердің үстінен сотқа арыз түсіргенін жоққа шығарды.

Өз еркімен кететін шенеунік: Экс-әкім енді экс-директор

Адам өлімінен кейін орнынан кеткен экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды