Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жылға жуық Шығыс Қазақстан облысын басқарған Даниал Ахметовті қызметінен босатты. Елдің шығысындағы өңірдің жаңа әкімі болып Ресейде үш жыл елші қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды. 

  • 16.06.2023

Есімі көпке аса таныс емес Ермек Көшербаев елші болып тағайындалғанға дейін көптеген қызметтерде тек орынбасар лауазымын атқарған. Сонау жылдары үкіметті Әкежан Қажыгелдин басқарған тұста оның көмекшісі болған осы жаңа әкім Көшербаев. Кейін ол жеке құрылымдармен қатар «ҚазМұнайГазда» жауапты қызметтер атқарды.

Беріде марқұм Бердібек Сапарбаев ШҚО-ға аттанғанда араға бір жыл салып Көшербаев әкім орынбасары орынтағына жайғасқан еді. 2013 жылы сол облыстың әкімінің бірінші орынбасары болған Серік Әбденов министр атанып, одан босаған орынды Көшербаев иеленді. Кейін Сапарбаев Үкімет басшысының орынбасары болған тұста «жұртта қалған» Ерекеңді Ауыл шаруашылығы министріне орынбасар етті. Ары қарай оның үкіметтегі қызметі де бірте-бірте нығая түскен. Алдымен вице-министр болған ол кейін сол құрылымда жауапты хатшы болды. 
Әуелгі мамандығы дипломат шенеунік кейін Сыртқы істер министрлігіне вице-министр болып тағайындалды. Екі жылға жуық СІМ-де болған ол қайбір жылдары Иманғали Тасмағамбетов зейнетке кеткенде Мәскеуде елші болып аттанды. 

Ал әкім қызметінен босаған Ахметовтің осымен биліктегі қызметі тәмам секілді. 9 жылда шығыста тамыр жайған Даниал Кенжетайұлының қызметтен кетуіне көпшілік көп күтті. «Әне кетеді, міне кетеді» деп саяси жауырыншылар болжам жасап отырғанда оның қылшығы да қисайған жоқ. Керісінше, ол әкім қызметіне үш рет қайта тағайындалды (2017, 2019, 2022). 
Ахметовтің өмірбаянына үңілген жұрт оның «тегін» адам емес екенін біледі. Әу баста еліміз егемендікке қол жеткізгенде Дәкең солтүстіктегі моноқала Екібастұзда әкім болған. Араға уақыт салып Павлодардың тізгінін қолға алды. Сөйтіп жүріп ол сол өңірде жақсылы-жаманды еңбек етті. 1997 жылы орнын Ғалымжан Жақияновқа «табыстады». Өзі СҚО-ға әкім болған Ахметов содан кейін үкімет басшысының орынбасары, бірінші орынбасары секілді лауазды атқарды. 
Айта кететін бір жайт, Қазақстан тарихында бір облысты басқарған екі адам болса, соның бірі Ахметов (Екіншісі Маңғыстау облысына екі рет әкім болған Ләззат Қиынов). Ол қазір елімізде тыйым салынған«ДВК» ұйымын құруға  2001 жылы ат салысып, соңынан қызметінен кетумен қатар сотты болған Ғалымжан Жақияновтың орнына қайта оралды. 
Ахметов терістіктегі тынысы біліне бермейтін Павлодардан Астанаға премьер болып оралды. 2003-2007 жылдары Үкіметті басқарған ол  сотталып кеткен Мәсімовтен кейінгі ең көп уақыт премьер болған саясаткер. Оның Павлодардан Астанадағы жұмысына күн сайын ұшақпен қатынағаны да сол кездер деседі білетіндер...

Мәсімов 2007 жылы Үкіметті басқарғанда Ахметов қорғаныс министрі болып шыға келді. Сол уақыттары еліміз бойынша қорғаныс саласында «дабыл» белгілері де күтпеген жерден жиі соғылғанға ұқсайды. Оны әркім әр түрлі жориды. Бірі министрдің сондай талапшыл болғанын атаса, кейбірі «іші пысса түн ішінде дабыл басатын» еді деген дәлелі жоқ тұспалды айтады. 
Қорғаныстан кеткеннен Ахметов 5 жыл бойы саяси сахнадан сұлбасын көрсетпеді. Тіпті, оның мансабының аяқталғанын айтып, осымен біржола «демалысқа кеткеніне» көз жете бастағанда Ахметов күтпеген жерден жарқ ете қалды.

ШҚО-да бес жыл әкім болған Сапарбаевты алмастырған ол содан бері тапжылмай отырды. Қызық болғанда оны сол қызметке тағайындаған да, апарып таныстырғандар бұл күнде қызметте жоқ екен. Бірі биліктен аластаса, енді бірі сотталып кеткен. 
Ахметовті 2014 жылдың күзінде сол кездегі президент Н.Назарбаев Жарлық бойынша тағайындаған. Ал шығысқа апарып таныстырған сол жылдардағы президент әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулинді бүгінде жұрт сайдан да, қырдан да көрмей жүр. Ал үкіметті басқарған Кәрім Мәсімовтің қайда отырғаны белгілі.

Тағы бір айта кететін жайт, Даниал Ахметовті ертеден бері әкім болған адам ретінде атауға болады. Онымен қатар саяси қызмет жолы қатар басталған шенеуніктердің барлығы бүгінде билікте жоқ.

фото: ғаламтордан алынды

Байланысты жаналықтар

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр өз еркімен жұмыстан кетуде 

11.07.2023

Мақат ауданын тастап қашып кеткен әкім Атырау қаласына әкім болып сайланды

10.07.2023

Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

04.07.2023

Абай облысында тағы да өрт

03.07.2023

Бас прокуратура Ильинді, Сүлейменованы, Ұранхаев пен Ахметовты  жауапқа тартады

14.06.2023

ЭКС-МИНИСТР ЮРИЙ ИЛЬИН СОТТАЛА МА?

13.06.2023
MalimBlocks
Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр өз еркімен жұмыстан кетуде 

Жұртшылық Марат Күлдіковті «Семей орманы» өртенген кезде баяндама оқып Президенттің қатаң сынына ұшыраған шенеунік ретінде таниды.

Мақат ауданын тастап қашып кеткен әкім Атырау қаласына әкім болып сайланды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкін тағайындалды.

Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

Даниал Ахметовтың қызы Әделия Ахметова Павлодар облысында өзінің ауыл шаруашылығын дамыту үшін 51,1 миллион субсидия алған,- деп хабарлайды Курсив.

Абай облысында тағы да өрт

Абай облысына қарасты  Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртеніп жатыр.

Бас прокуратура Ильинді, Сүлейменованы, Ұранхаев пен Ахметовты  жауапқа тартады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын мәлімдеді.

ЭКС-МИНИСТР ЮРИЙ ИЛЬИН СОТТАЛА МА?

Абай облысындағы өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің экс-министрі Юрий Ильиннің әрекетін Бас прокуратура тексеру бастады.  Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.