Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

Даниал Ахметовтың қызы Әделия Ахметова Павлодар облысында өзінің ауыл шаруашылығын дамыту үшін 51,1 миллион субсидия алған,- деп хабарлайды Курсив.

Malim Админ

  • 04.07.2023

Үкімет отырысында журналистер Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевтен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімінің қызы «ең мұқтаж» кәсіпкерлердің қатарында болып, мемлекеттен жәрдемақы алуы қалай болғанын сұрады.

Министрдің айтуынша, «Мемлекеттік органдарда 51 мың кәсіпкер тіркелген. Және олардың барлығы субсидия алуға өтініш беруге құқылы. Ол үшін олар ақшаны неге жұмсайтынын және қожалығы барын растауы керек. Қарашүкеев порталда субсидия алуға өтініш бергендерді кімнің туысы деп тексермейтінін айтты. «Сенің әкең немесе шешең кім екенін ешкім сұрамайды. Жүйе объективті түрде қарайды: егер барлығы дұрыс болса субсидия төленеді. Ал ақша жоқ кезде кезекке тұрасыз, бұл біздің жүйенің жаңалығы. Осы уақытқа дейін 120 миллиард субсидия төленді, оны ондаған мың адам алды», - деді министр журналистерге.

Бөлінген қаражат шынымен де мемлекет көмегіне мұқтаж шаруаларға жетіп жатыр ма деген нақты сұраққа министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заңнан басқа критерийлер бойынша ешкім бөлуге болмайтынын айтты.

«Ата-анасы кім, жағдайы қандай, біз бөліп-жармаймыз. Бізде заң мен ереже бар, талаптарымыз бар соларға сай болса қаражат бөлінеді. Өйткені, біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Егер біз өтініш иелерінің әр қайсысының ата-анасын, туған-туысын тексеретін болсақ – хаос болмай ма?! Заңды негіз бар ма, жоқ па, басты мәселе сол», - деп түйіндеді сөзін министр.

Журналистер ауыл шаруашылығы министрінен Даниал Ахметовтің қызының 51,1 миллион субсидия алуының заңдылығын тексеріп, халық алдында жауап беруін айтты.

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын тоғыз жыл басқарып рекорд жасаған әкім. Бұған дейін ол Павлодар облысының әкімі, Қазақстанның премьер-министрі болған. «Обожаю» арнасының авторы Асхат Ниязов Даниал Ахметовтан алған сұхбатында «балаларыңыз неге сіз әкім болған өңірлерде ғана жетістікке жетіп жүр» деген сауалына «кездейсоқтық» деп жауап берген болатын.

Байланысты жаналықтар

Қызылша өсірушілер субсидия мен төлем мәселесін Үкіметте көтерді

05.10.2024

Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

05.08.2024

Алматыда жолақы құны 120 теңге болуы мүмкін

19.07.2024

Алматы облысы әкімдігі фермерлерге 200 млн теңгеге жуық ақша қарыз болып шықты

04.06.2024

Ауыл шаруашылығы: шетелдік техника өндірушілерге субсидия азаяды

18.05.2024

Пара алғыш Шымкент шенеуніктері айыппұлмен құтылды

02.08.2023
MalimBlocks
Қызылша өсірушілер субсидия мен төлем мәселесін Үкіметте көтерді

Үкімет оларға тапсырған өнімі үшін төлемін жақында алатынын уәде етті

Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

Экс-әкім жеңіл атлеттермен кездесу өткізді.

Алматыда жолақы құны 120 теңге болуы мүмкін

Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясында айтылды

Алматы облысы әкімдігі фермерлерге 200 млн теңгеге жуық ақша қарыз болып шықты

Облыстық прокуратура барлық фермердің субсидияларын алуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдады.

Ауыл шаруашылығы: шетелдік техника өндірушілерге субсидия азаяды

Ал отандық өндірушілер үлесі 63,7%-ға жетеді

Пара алғыш Шымкент шенеуніктері айыппұлмен құтылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековке қатысты үкім шығарды.