ЖСДП: Әблязов арандатушы

Олжас Қасым

  • 27.11.2020

ЖСДП партиясы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатыспайды. Бұл туралы бүгін саяси ұйымның кезектен тыс өткен съезінде айтылды, - деп хабарлайды МӘЛІМ КЗ сайты.

Партия басшысы Асхат РАХЫМЖАНОВ жаңадан қабылданған сайлау туралы заңды сынап, жасалып жатқан саяси реформаларға көңілі толмайтынын жеткізді. Бойкотпен қатар сайлауды бақылаудан да бас тарту керектігі айтылды. Рахымжановты делегаттардың 32-і қолдаса, 3 адам қарсы дауыс берді. Ал бес адам бейтарап қалды.

«Біз кіңмнің дос, кімнің дос емес екенін білдік. Жұмыс тәсілімізді өзгертуіміз керек. Біздің бағдарламамыз 2012 жылы қабылданған. Бағдарлама бүгінгі уақыт талабына сай болуы керек. Сондықтан жаңа бағдарламаны келесі съезге дейін дайындауды ұсынамын. Партияның жарғысын да өзгерту керек», - деді ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов. 

Сонымен қатар партия басшысы Мұхтар Әблязовтың атын атамай оны «шетелдегі псевдодемократ, арандатушы» деп сынап өтті. Бұған дейін Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ДВК басшысы Мұхтар ҚАБЫЛҰЛЫ өз жақтастарын ЖСДП төңірегіне топтасуға, қолдауға шақырған. Тіпті әлеуметтік желіде социал-демократтар қатарына кірмекші болғандардың жазбалары жарияланды.

Кеше Украинадағы қазақстандық диссидент Ермек НАРЫМБАЙ ЖСДП сайлауға бойкот жариялайды. Оларды сондай қадамға ҰҚК-ті мәжбүрлеп жатыр деп пост жариялаған еді.

Бір айта кетерлігі, ЖСДП партиясының жетекшісі Асхат Рахымжанов осы съездегі  сөзінде өздерінің бұл сайлауға мүлдем дайындалмағандарын, өзге де қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істей алмағандарын айтып өтті.

Фото: tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Ермұрат Бапи мен Тазабек Сәмбетбай "Негеде" неге төбелесіп қалды?

03.12.2020

Бұл жүйенің де құлайтын жері бар

29.10.2020
MalimBlocks
Ермұрат Бапи мен Тазабек Сәмбетбай "Негеде" неге төбелесіп қалды?

Бұл жүйенің де құлайтын жері бар