Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Көлгіновтің әкімдігі даладағы фильмге 26 миллион жұмсаған

Елнұр Бақытқызы Авторы: Елнұр Бақытқызы
30.11.2020
ia-center.ru

ia-center.ru

Share on FacebookShare on Twitter

Індет өршіп тұрған кезде бас қала күнін “онлайн” тойлаймыз деген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы ашық аспан астында фильм көрсетуге бюджеттің 26 миллион теңгесін жұмсаған. Мәдениет басқармасы келісімді бір көзден, яғни еш тендер өткізбей “Ардаковна” атты ИП-мен жасасқан. Бәрінен қызығы, 1-6 шілде аралығында өткен «KINOSPACE» ашық аспан астындағы кинофестивалі үшін келісімшарт іс-шара басталып кеткен кезде, 3 шілде күні жасалған.

«KINOSPACE» ашық аспан астындағы кинофестивалі – бас қаланың туған күні кезінде өткен шаралардың бірі ғана. Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы көпшілікке ашық аспан астында кино көрсету үшін тендер жарияламай-ақ келісімшартты бір көзден жасай салған. Әкімдікпен бастапқыда 24 миллион теңгеге келісімшартқа отырып, артынан ол соманы 26,8 миллион теңгеге өзгерткен. Келісімшарт “Ардаковна” атты жеке кәсіпкермен жасалған. Ашық дерек көздерге қарағанда, бұл жеке кәсіпкерлік 27 жастағы Апсалямова Дана Ардаққызынікі. Бұл жеке кәсіпкерлік өнер саласы, концерт саласы және театр мен концерт залдары саласындағы қызметпен айналысады. Осыдан 2 жыл 3 ай бұрын Алматы қаласында тіркелген.

Ашық аспан астында өткен фильмдер көрсетілімі іс-шарасының техникалық ерекшелік құжатына қарағанда,  кинофестиваль 1-6 шілде аралығында өтуі тиіс болған. “Өнім беруші “Kinospace ” атты  қала күнін мерекелеуге арналған кинофестивалін дайындауды және өткізуді 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 6 шілдеге дейін Орталық саябақта ұйымдастыруы тиіс”,  – делінген іс-шараның техникалық ерекшелік құжатында.

Расында да, іс-шара сол мерзім аралығында Астана Арена стадионы алдындағы алаңда өткен. Kino Space аясында “Қыз Жібек”, “Менің атым Қожа”, “Біздің аяулы дәрігер”, “Алпамыс мектепке барады”, “Путь лидера” киноэпопеясы, “Ақсақ құлан”, шетелдік “Джон Уик”, “Приключения Питера Пэна”, “Астерик пен Обеликс” фильмдері көрсетілген.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметке қарағанда, бір көзден келісімшарт 24 маусым күні құрылып, 3 шілде күні, яғни кинофестиваль  басталып кеткенде жасалған.

Асылы, 1 шілде күні басталып кеткен кинокөрсетілім қызметі үшін келісімшарт оған дейін жасалуы шарт. Бірақ мәдениет басқармасы астаналықтарға фильмдерді крсеткен 27 жастағы кәсіпкермен келісімді тек 3 шілде күні жасаған.

“Ардаковна” атты жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алулар порталына 16 маусым күні тіркелген. Осы күнге дейін “Kinospace ” кинофестивалін ұйымдастырудан өзге ешқандай келісімшарт жасаспаған.

 

Tags: Алтай КөлгіновАстана күніНұр-Сұлтан әкімдігітендер

Ұқсас жазбалар

Фото: expertonline.kz

Жовтис басқаратын ұйымның қызметі үш айға тоқтатылды

Авторы: malim
25.01.2021
0

Алматы қаласы Әуезов ауданының кіріс басқармасы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның қызметін үш айға тоқтату және 200...

Митинг түгілі “Қалаулымға” да шығармайды

Авторы: Қанат Тілеухан
25.01.2021
0

Қоғамдық белсенді Кербез ЕГІНБАЕВА «Қосылайық» (бұрынғы Қалаулым ) бағдарламасына Нұрсұлтан есіміді жігітпен танысуға барған. Кербез Қазақстан телеарналарында қаншалықты цензура барын...

 «HoReCa Қазақстан» Алматыда балмұздаққа дегустация өткізді

Авторы: malim
25.01.2021
0

«HoReCa Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындарының Ұлттық қауымдастығы Дүниежүзілік эскимо күніне орайластырып, нарықтағы танымал балмұздаққа дегустация өткізді. Эскимо қазақстандық нарықтың...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстандағы бизнестің тынысын ашар жаңа сауда амалы

18.02.2020
Абзал Құспан мен Арман Шораев

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады

17.06.2020

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021

Асанәлі Әшімов: Жігіттер әлдебір топтың жетегінде кеткен екен

08.02.2020
Асқар Мәмин

Мамин халықтың кредитін жаппайтын болды

22.10.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!