Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

«Хан қызы» берген «скорыйлар» қар астында тұр

malim Авторы: malim
03.12.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылордада ​ 12-ші қарашада облыс әкімі Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА облыстық жедел-жәрдем станциясына 44 көлік табыстаған болатын. Бұл санитарлық көліктер жақын арада аудандарға кетуі керек еді. Десек те әлі күнге дейін барлық көлік әлі қаладағы көпбейінді ауруханада екен. Жедел-жәрдем станциясының бас дәрігерлері әлі құжаттарын «растаможкадан» өткізіп жатырмыз дейді. Және де бұл жайт жұмысымызға кедергі болмай тұр дегенді алға тартады. Сонымен су жаңа көліктер қар астында қаңтарылып тұр.

«Табысталған кезде енді жалпы 40 автокөлігіміз келді. Келгеннен кейін  3-4 күннен кейін табыстауға бізге кілтін ұсынды. Енді одан басқа ресми түрде біз құжаттарын дұрыстауымыз керек. Біз енді сақтандыру полисі бар, сосын жанағы техникалық қызметі бар деген сияқты. Осының барлығы қаржы мәселесі келісім бойынша кезең-кезеңімен  шешілді. Енді жол полициясынан номер алу қалды. Ол жуық арада шешіледі», – деді  Қызылорда облыстық жедел-жәрдем стансасының бас дәрігері Алмат ҚҰРМАНҒАЛИ.

Мемлекеттік номерлері дайын болмасада облыс әкімі жедел жәрдем автокөліктерін жедел беріп тастамақшы болған секілді. Жедел-жәрдем қызметінің бас дәрігері жақын күндері бұл машиналар  аудандарға аттанады дейді. Айтуынша, қазіргі  аймақтық медицинада көліктен проблема жоқ. Алайда, бұл пікірмен қызылордалықтар келіспейді.

«Жалпы мына халыққа қызмет ететін жедел-жәрдемге көңіліміз толмайды. Себебі шақырсаңыз өзі дер кезінде келмейді. Қазіргі жүрген жедел-жәрдемнің барлығы тозығы жеткен, көне. Осыдан бір ай бұрын облыс әкімі Гүлшара ханым осы жедел-жәрдемге 40 дана жаңа жедел-жәрдем машинасын берді. Сол жедел-жәрдемдерді біз қаланың көшелерінде көрмейміз. Олар неге халыққа қызмет етпейді», – дейді өзін Ғани деп таныстырған тұрғын. 

«Үйде науқас анам бар. Уақытылы «скорый» келмейді, сол себепті көңіліміз толмайды. Жарты сағат бір сағат дегенде зорға келеді Коммунизм мөлтек ауданына. Уақытылы мүлдем келген емес осы уақытқа дейін», – дейді Нұрсұлтан есімді тағы бір тұрғын.

Айта кету керек жаңа санитарлық көліктер заман талаптарына сай қосымша құрылғылармен ​ қамтылған. Ішіндегі кислородтың көлемі ескі үлгідегі жедел-жәрдем көліктерінен 2-3 есе көп. Сол себепті қызылордалықтар бұл темір тұлпарларды асыға күтіп отыр десек артық айтпаспыз.

Фотоларды автор ұсынды. 

Оңғар САЙМОСАЕВ

Tags: Әкім Гүлшара ӘбдіқалықоваӘкім жедел жәрдем табыстадыҚызылорда облысыОңғар Саймосаев

Ұқсас жазбалар

parlam.kz

Жаңа депутаттардың оқымаған оқуы жоқ

Авторы: malim
15.01.2021
0

VII шақырылымдағы мәжіліске агроном, мал дәрігері мен зооинженерден бастап философ пен тарихшыға дейінгі әртүрлі мамандық иелері жиналыпты. Депутаттардың арасында бір...

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

Авторы: malim
15.01.2021
0

Парламент мәжілісінің VII шақырылымдағы депутаттары жаңа спикерді сайлады. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Нұрлан Нығматулинді спикер етіп сайлады....

https://365info.kz/

Тоқаев сайлау бюллетеньдеріне “бәріне қарсымын” графасын енгізуді ұсынды

Авторы: malim
15.01.2021
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға төмендетуді ұсынды. "Мәжіліске саяси партиялардың...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Юваль Нух Харари.
Сурет ашық дереккөзден алынды

Харари: Пандемиямен күрес – адам құқықтарын шектеудің басы

28.03.2020

Журналистке «жыны келген» шенеунік жаңа қызметке келді

14.09.2020

Жоғарғы сотқа ақыл айтуға болмайды екен

23.10.2020

Ертісбаев: Дмитрий Олейников супер профессионал

26.12.2020
Б.Сағынтаев. Фото: elitar.kz

Көмек күтпеңіздер: Сағынтаев бар ақшаны жұмсап жіберіпті

27.05.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!