Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

12 жылға сотталған Хасан Қасымбаев сот әйнегін ұрып, шағып жіберген (ВИДЕО)

Қоғам
12 жылға сотталған Хасан Қасымбаев сот әйнегін ұрып, шағып жіберген (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Хасан Қасымбаев сот залында айыпталушыларға арналған орындағы пластикалық терезені сындырып, шу шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға үкім жарияланардан шамамен жарты сағат бұрын болған.

Дереккөздің мәліметінше, Қасымбаев пен басқа айыпталушылар сот залында журналистердің болуына наразылық білдірген.

"Мына журналистердің бәрін шығарыңдар!" – деп айқайлаған Қасымбаев ашуға беріліп, айыпталушылар орнындағы пластикалық терезеге соққы берген.

Салдарынан әйнек сынған, ал сынықтар залдың ішіне шашылған. Оқиға сәтін түсіруге мүмкіндік болмаған, себебі айыпталушылардың туыстары камера кадрына түсіп қалмас үшін сол маңайды көлегейлеп қойған.

Оқиғадан кейін сот қызметкерлері журналистер мен операторларды залдан дереу шығарып жіберген.

Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысының айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері олардың қауіпсіздігі үшін шығарылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу