freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

4,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қоғам •
4,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жыл басынан бері Қазақстанға шетелден оралған қандастардың 45,8 пайызы – Қытайдан, 40,9 пайызы – Өзбекстаннан келген. Қалған азаматтар Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және басқа да елдерден оралды.

Оралғандардың 59,7 пайызы – еңбекке қабілетті жаста. Сонымен қатар, олардың 17,4 пайызының жоғары білімі бар.

Еңбек күші тапшы өңірлерге – атап айтқанда, Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және басқа облыстарға – 765 қандас қоныстанды.

Мемлекет тарапынан қандастарға көшуге – 275 мың теңге көлемінде, ал баспана мен коммуналдық қызметтерге 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін бір реттік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға 4,56 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз сертификат беріледі.

Фото: Gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу