Шымкент қаласы, Абай ауданы, Алтынтөбе тұрғын алабында 2012 ж.т. жасөспірім атпен серуендеп жүріп, абайсызда атпен бірге 5 метрлік шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары альпинистік құралдардың көмегімен жасөспірімді шұңқырдан алып шықты.
Ат ЖАО-мен бірлесіп, автокранның көмегімен құтқарылып, иесіне тапсырылды.
Жасөспірім тексеру үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы мен жедел көмегінің арқасында бәрі сәтті аяқталды.
Фото: видеодан скрин
5 метрлік шұңқырға құлап кеткен жасөспірім құтқарылды