Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

88 қазақстандықты алдаған адам шетелде ұсталды

Қоғам
88 қазақстандықты алдаған адам шетелде ұсталды

Бірнеше рет алаяқтық жасағады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Тбилисиден экстрадицияланды. 

Бас прокуратураның мәліметінше, 2020 жылы аталған тұлға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және субсидия алуға көмек көрсету сылтауымен Ұлытау облысының 88 тұрғынының қаражатын иемденіп, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

«Екі сыбайласы әр түрлі жазаға тартылды. Ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған. Сондықтан ол  халықаралық іздеуге жарияланды.

2024 жылы ол Грузия аумағында анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бас прокуратура азаматтарды алаяқтардың құрбаны болудан сақ болуға шақырады. Өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық шығындардан қорғаңыз.

Фото: Бас прокуратура

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу