Астана, malim.kz. Бүгін (23 желтоқсан) үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлерге алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік болатынын айтып өтті.
Оның айтуынша, енді бизнес салық органдары қашан сау ете қалады деп қобалжымаса болады.
«Тексерулер тек тәуекелдер бойынша ғана жүргізілетін болады. Біз жоспарлы салық тексерулерінен толық бас тарттық. Микро және шағын бизнес үшін маңызды мәселе – 2026 жылға дейінгі кезеңдер бойынша салық тексерулері мен камералдық бақылау алынып тасталады. Адал бизнес салық органдарының тосыннан келуін күтпей, алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік алады»,
— деді Олжас Бектенов.
Бұған қоса, үкімет басшысы салық органдарының да міднтін атап өтті. Ол кіріс ұйымдарының негізгі міндеті жазалау емес, қателесуге жол бермеу екеніне нұсқады.