«Басы шатасқан шығар...». Жұбан Молдағалиевке тиіскен ақын сынға қалды

Ақын Ардақ Нұрғазының «Қала аспанындағы қарақшы» атты жаңа өлеңі Angime.com сайтында жарияланған соң, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Бұл жөнінде janabastau.kz жазады.
Бұған дейін дәл осындай сөз тіркестері арқылы Мұқағали Мақатаевқа да сын айтқандар болған. Енді міне, Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңіне қатысты айтылған бұл жолдар «ұлт рухына тас ату» ретінде бағалануда.
Өлеңнің ең көп талқыланған тұсы – ақынның Жұбан Молдағалиевтің атақты «Мен қазақпын» өлеңіне қатысты айтқан мына жолдары болды:
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген...» деп жазған кім еді?
Мүмкін соның жүрегі жоқ, немесе оның басы шатасқан шығар...»
Бұл жолдар желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырап, ұлттық болмыстың символына айналған Жұбан ақынға тіл тигізу ретінде қабылданды.
Facebook желісінде қолданушы Juma Naushek бұл оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірді:
«Жұбан Молдағалиевті «сорлы» деген біреу шықты. Соған қарағанда, өзі осы сөзді айтқан соң қатты бақытты болып бара жатқан сияқты...».
Сондай-ақ өлеңде қоғамдағы екіұшты көзқарастар мен құндылық дағдарысы терең философиялық сарында сипатталған. Автор бір тұсында:
«Тәурат», «Інжіл», тағы қайсысы бар еді, иә, «Құран»...
Материалистер – ақшадан басқа Құдай жоқ!
Немесе – Жиһад!
Бізде осы екі нүктенің арасынан өзге өмір қалды ма өзі қазір?!» — деп, дін мен идеология арасындағы тепе-теңдіктің жоғалғанын меңзейді.
Фотоколлаж: janabastau.kz


Ең көп оқылған
