Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Әйелін атпен таптауға оқталды": Видео полицияның назарына ілікті

Оқиға
"Әйелін атпен таптауға оқталды": Видео полицияның назарына ілікті
Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде атқа мінген ер адамның әйелді жұлқып, балағаттап жатқан видеосы тарады. Видеодан әйелге дөрекі сөйлеп, оны қорқытып жатқанын көруге болады. Алматы облысында болған оқиға полицияның назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Ер адамның әрекетін әйелі видеоға түсіріп алған. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптының бес баласы бар.

Видеода әйелі күйеуінің өзіне ғана емес, балаларына да жекіп сөйлеп, балағаттайтынын көрсеткісі келген. Сондай жасырын түсірілген бейнежазбадан ішімдікке сылқия тойып алған күйеуінің қызына дөрекі сөйлеп, балағаттап жатқанын көруге болады. 

Бұл видео полицияның назарын аударды. Алматы облысы полиция департаменті отбасында болуы мүмкін зорлық-зомбылық фактісі бойынша тексеру бастаған.

Instagram әлеуметтік желісін мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері Алматы облысы, Архарлы ауылының 49 жастағы тұрғынының әйеліне зорлық-зомбылық көрсеттеді деген ақпараты бар жазбаны анықтады. Материал тіркелді, тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады”, ‒ деп мәлімдеді ведомство.

Полиция бұған дейін мұндай дерек бойынша арыз түспегенін атап өтті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу