Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Әкесінен аумайды": Алтынай Жорабаева екінші күйеуінен туған қызын көрсетті (ФОТО)

Шоу-бизнес
"Әкесінен аумайды": Алтынай Жорабаева екінші күйеуінен туған қызын көрсетті (ФОТО)
SN.kz

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында кенже қызының туған күніне арналған әсерлі жазба жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп Malim.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі отбасы үшін айрықша күнді атап өтіп, қызына жүрекжарды аналық тілегін арнаған. Әншінің айтуынша, қызы Амина Алишерқызы екі жасқа толған.

"Амина Алишерқызы – 2 жаста. Аллаға сансыз шүкір. Алланың сүйікті құлдарының бірі бол, балапаным. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, екі дүниенің де бақыты мен абыройы нәсіп болсын", – деп жазды Алтынай Жорабаева.

Жарияланған фото мен видеоны көрген желі қолданушылары кішкентай Амиданың әкесіне айрықша ұқсайтынын атап өтіп, жылы лебіздерін жаудырды.

"Әкесінен аумайды", "Нағыз әкесінің көшірмесі", "Жүзі жылы, тәрбиелі отбасынан екені көрініп тұр", "Өмір жасы ұзақ болсын", "Бақытты отбасы, көз тимесін" деген ізгі тілектер мен құттықтаулар көптеп жазылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу