Алматыда болған жантүргішерлік жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді. Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауылмен болған.
Ол қылмыстық іс аясында әрі қарай күзетпен ұстау үшін тергеу изоляторына ауыстырылды, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыдағы жол апатынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылғанын мәлімдеді.