Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

Шоу-бизнес
Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып, сотқа жүгінген болатын. Алайда актрисаның ісі алға баспай, алаяққа кеткен есесін қайтара алмай жүрген еді. Тележүргізуші Динара Сәтжан істің шешілгенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Актриса өзі келіскен адаммен қайта келісімге келген. Дегенмен, істің мән-жайы әлі де белгісіз.

Жұлдызбен болған сұхбатымызды екі аптаның ішінде 400 мыңға жуық адам көрді. Еске салайын, Жұлдыз төрт жыл бойы Астанадағы коттедж қалашығын жарнамалап, сол жерде тұруды армандаған.
Болашақ үйінің ақысын өтеу үшін қалашық иесіне өзінің үлкен пәтерін паркингімен бірге берген. Алайда соңында дымсыз қалған.

Осыдан кейін екі азаматтық сотта жеңіліп қалды. Полицияға арыз жазды. Баспасөз конференциясын өткізді. Бірақ іс алға жылжымады. Біздің сұхбатымыз Диляра Тәжимбетоваға қалай әсер еткенін білмеймін, бірақ өткен аптада Жұлдыздың мәселесі шешілді, – деп жазды Динара Сәтжан.

Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу