«Америка дауысы» Трампты қолдайтын БАҚ-тың хабарларын тарата бастайды

Арман Қайыпхан

  • 09.05.2025

АҚШ-тың «Америка дауысы» (Voice of America, VOA) радиокомпаниясы өз жұмысын қайта жандандырып, Дональд Трамптың саясатын толықтай қолдайтын ультраконсервативті One America News Network (OAN) телеарнасының бағдарламаларын тарата бастайды. Бұл туралы 7 мамыр күні әлеуметтік желіде осы шешімге тікелей қатысы бар Кэри Лэйк мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Кэри Лэйк — наурыз айында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тағайындаған АҚШ-тың Жаһандық медиа агенттігінің (USAGM) аға кеңесшісі. Аталған агенттік құрамына Voice of America, Radio Martí және Office of Cuba Broadcasting секілді халықаралық медиалар кіреді.

«Жаһандық медиа агенттігі OAN арнасымен әріптестікті қуанышпен жариялайды. Бұл әріптестік USAGM жүйесіне жаңалықтар лентасын, контент пен техникалық қолдау ұсынуға бағытталған», — делінген Лэйктің мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, OAN арнасы Америка дауысына жаңалықтар таспасын, мазмұнды және техникалық қолдауды ақысыз негізде ұсынады. Бұл қадам американдық салық төлеушілер үшін тиімді болмақ, себебі USAGM агенттігі шетелдік аудиторияға арналған контентті тек мемлекеттік қаржы арқылы таратады.

OAN арнасының иесі Чарльз Херринг те бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Washington Post.

Айта кетейік, Кэри Лэйк сондай-ақ VOA директоры лауазымына да ұсынылған, бірақ бұл шешімді Халықаралық хабар тарату жөніндегі консультативтік кеңес әлі мақұлдамаған.

Фото: Annabelle Gordon/REUTERS

Байланысты жаналықтар

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

07.05.2025

Украина "бейбіт" аймақ құруға дайын – Трамптың арнайы өкілі

07.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025
MalimBlocks
Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы

Украина "бейбіт" аймақ құруға дайын – Трамптың арнайы өкілі

Трамптың өкілі Украина мен Ресей бақылау жасайтын демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты