457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ азаматтары Израильден эвакуацияланып жатыр

АҚШ елшілігі Израильден кеткісі келетін америкалықтар үшін эвакуациялауға қажетті рейстер мен круиздік лайнерлерді дайындап жатыр. Бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   


АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби X әлеуметтік желісінде Иранның зымыран шабуылдарына байланысты Израильден кеткісі келетін азаматтарды эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Хакаби эвакуацияға тіркеу рәсімдері басталып кеткенін атап өтті.

Israel Hayom газетінің хабарлауынша, Иранмен басталған қақтығыстан бері алғаш рет шетел азаматтарына және дипломаттарға елден шығуға рұқсат беріледі. Ұшу күні — 2025 жылғы 20 маусым, жұма.

Сондай-ақ хабарламада Израиль азаматтары елден тек ерекше жағдайлар комитетінің рұқсатымен ғана ұша алатыны айтылған.

Фото: Анадолы