АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

Америка қоғамының либералдық бөлігі Трамп күш қолдана ма деп үрейленеді

Malim Админ

  • 06.04.2025

Америка қалаларында Дональд Трамптың саясатына қарсы либералды наразылық білдірушілер манифестацияға шықты. Бұл Трамптың президент лауазымына кіріскелі алғаш рет болып тұрған наразылық акциясы, деп хабарлайды ВВС.

Hands Off («тарт қолыңды») науқанын ұйымдастырушылар 50 штат бойынша 1200 жерде акция ұйымдастыруды жоспарлаған. Сенбі күні адамдар тобын Бостон, Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Вашингтон сияқты қалалардан көруге болатын еді.

АҚШ-тың ірі қалалары тұрғындарының арасында Трампқа қарсылар көп.

Дегенмен, жария түрдегі наразылық шаралары кейінгі айларда көп болған жоқ. БАҚ-қа пікір білдіргендер бұның бірнеше себебін атап отыр. Америка қоғамының либералдық бөлігі мәдени соғыстан шаршаған, күйзеліске ұшыраған, олар өз әрекеттеріне жауап ретінде Трамп күш қолдана ма деп үрейленеді.

Трамп импортқа жоғары кедендік тарифтерді енгізуі туралы жариялаған соң демонстрациялар көптеген елдерде өтті. Нақтырақ айтқанда, Лондонда, Парижде және Берлинде.

Вашингтондағы митингте Демократиялық партия атынан сайланған заң шығарушылар сөз сөйледі. Олар әсіресе Трампқа Илон Маск сияқты бай донорлардың ықпалы туралы айтты. Флоридалық конгрессмен Максвелл Фрост қалыптасқан жағдайды үкіметті миллиардерлер билеп отыр деп бағалады.

Фото: видеодан алынған кадр 

Байланысты жаналықтар

Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

23.05.2025

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

22.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025
MalimBlocks