АҚШ Трамп билігі кезінде алғаш рет Украинаға қару сатуға рұқсат берді

Арман Қайыпхан

  • 01.05.2025

АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға 50 миллион доллардан асатын қару-жарақ сатуға алғаш рет ресми түрде рұқсат берді. Бұл туралы АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасының сайтында жарияланған құжатта айтылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжатқа сәйкес, Киевке "қорғаныс өнімдері, соның ішінде техникалық деректер мен қызметтер" жеткізуге рұқсат берілген. Бұл шешім Дональд Трамптың Ақ үйге қайта оралуынан кейін қабылданған алғашқы рұқсат болып отыр.

Украиналық Kyiv Post басылымының 1 мамырдағы мәліметіне қарағанда, наурыз айының басында АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі уақытша тоқтатылған, бірақ Сауд Арабиясындағы келіссөздерден кейін қайта жанданған.

Сондай-ақ, 1 мамыр түні АҚШ пен Украина арасындағы ұзақ келіссөздер нәтижесінде елді қалпына келтіруге бағытталған инвестициялық қор құру туралы экономикалық келісімге қол қойылды. Құжатқа АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент пен Украина экономика министрі Юлия Свириденко қол қойды.

Фонд "50/50" қағидаты бойынша құрылады — бұл Вашингтон мен Киевтің тең дәрежеде басқаруға қатысатынын білдіреді.

«Екі тараптың ешқайсысы шешуші дауысқа ие болмайды. Бұл — АҚШ пен Украина арасындағы тең серіктестіктің көрсеткіші», — деп жазды Юлия Свириденко Facebook парақшасында.

Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісім АҚШ-қа "Байденнің Украинаға бөлген 350 миллиард долларынан да көп" пайда әкелетінін айтты.

Фото: Alastair Pike/AFP/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

02.05.2025

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

01.05.2025

АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қойды

01.05.2025

Украина мен АҚШ табиғи ресурстар бойынша келісімге қол қоймақ

30.04.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

Киев Ресейдің бітім туралы мәлімдемесіне жауап берді

28.04.2025
MalimBlocks
Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

Mercedes-Benz және Volkswagen концерндерінің операциялық пайдасы 40 пайызға төмендеді

АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қойды

Украина мен АҚШ табиғи ресурстар бойынша келісімге қол қоймақ

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

Киев Ресейдің бітім туралы мәлімдемесіне жауап берді