Ауғанстанда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 1400-ден асты

Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Хамдулла Фитрат елдегі жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың 1411-ден асқанын, ал зардап шеккендер саны 3,4 мыңға жуықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
ABC News жазғандай, зардап шеккендердің саны шамамен 3,4 мың адамды құрайды.
"Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 1457 адамға жетті, зардап шеккендер саны - 3 394. Аталған аймақта қираған үйлердің саны 6 782-ге жетті", - деді Фитрат.
Ауғанстанның бұқаралық ақпарат құралдары 2021 жылы Ислам әмірлігі билікке келгеннен бері Ауғанстанда кісі өліміне әкеліп соқтырған үш жер сілкінісі, сондай-ақ құрғақшылық пен су тасқыны болғанын жазады.
Өткен жексенбіде түн ортасында Кунар, Лагман және Нангархар провинцияларында 6 баллдық жер сілкінісі болды, көптеген ауыл қирап, көптеген жылдар бойы қақтығыстар, кедейлік пен табиғи апаттардан әбден титықтаған денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсті.
Фото: видеодан кадр

Ең көп оқылған
