457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Италиялық модельер Джорджо Армани қайтыс болды

Италиялық атақты модельер Джорджо Армани 91 жасында дүние салды, деп хабарлайды Malim.kz La Repubblica басылымына сілтеме жасап.

«Шексіз қайғымен Armani тобы өздерінің негізін қалаушысы, шабыт берушісі және қозғаушы күші – Джорджо Арманидің қазасы туралы хабарлайды. Арманиді әрдайым құрметпен әрі сүйіспеншілікпен “синьор Армани” деп атаған қызметкерлері мен әріптестерінің ортасында өмірден өтті», – делінген компанияның мәлімдемесінде.

Армани 1934 жылы 11 шілдеде Пьяченца қаласында дүниеге келген. 1975 жылы ол Серджо Галеоттимен бірге Giorgio Armani компаниясын құрды. Кейін бұл компания әлемдегі ең ірі сән үйлерінің біріне айналды. Дизайнер минималистік стилімен және қатаң сызықтарымен танымал болып, сән индустриясына және іскерлік киім үлгісіне зор ықпал етті.

Бренд құрамына киім, аксессуарлар, косметика, жиһаз және қонақүйлер желісі кіреді.

Фото:stylenews.ru