457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҚО-да 5 бала өрт кезіндегі газдан уланып көз жұмды

Батыс Қазақстан облысы ТЖД 112 пультіне Сырым ауданы Жымпиты ауылында Сағырбаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Malim.kz БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 5 минутта жетіп келді.
Келгеннен кейін үйде 30 ш. м. алаңда жеке заттар мен жиһаздар ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.  

Құтқарушылар 5 баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке орай, балалар ауруханада қайтыс болды.

Өрт толығымен сөндірілді. Жергілікті жерде БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде.

Шақырту орнына ТЖД басшылығы, зерттеу сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы аттанды.

Фото: freepik.com

Биыл 60 бала терезеден құлаған - статистика
Аналитика
|
21.05.2025 17:16
2025-05-21 17:16:00

Ең көп оқылған