6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Арман Қайыпхан

  • 14.04.2025

Бірінші сыныпта оқитын бала ашық жатқан шұңқырға құлап түскен, деп хабарлайды Malim.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Келмеске кеткен немересінің бейнесіне үңілген әже бұлай болғанына сенер емес. Ал анасы «ұлым сасық суға тұншығып өлді» деп зар илеп отыр.

«Екі қолы сірескен күйі қатып қалыпты. Аяғы бүгілген күйі. Үш метрдей терең су. Үлкен адам да ол шұңқырға түссе шығуы қиын. Лайшық су ғой ол», – деді анасы.

Басында септик ретінде қазылған бұл шұңқыр бір жылдан бері ашық жатқан. Оны қоршау былай тұрсын, ескерту белгісі де қойылмаған. Тұрғындар талай рет әкімдікке шағымданғанымен, бұл мәселе шешілмеген. Баласының амандығына алаңдаған халық енді ашуға булығып отыр.

«Нәжіс су. Терезелерді ашқан кезде иісі бұрқ ете қалады. Кімге хабарлассақ та «соттасып жатырмыз» дейді. Соты қашан бітеді? Әкім қайда қарап отыр?» – деді қала тұрғыны Әлия Суанова.

Халықтың айқай-шуынан кейін оқиға орнына әкімдік өкілдері де келді. Алайда нақты шешім де, мардымды жауап та айтылмады. Атқамінерлер мәселеге мердігер мекеменің кінәлі екенін айтумен ғана шектелді. Ал  шұңқырдың беті тек бір аптадан кейін ғана жабылатын көрінеді.

«Мердігер 2 мекеме бар еді. Ирригациясын істеген «Ақжол» деген компания. Кәріз желісін 2020 жылдан бастап «Азия РС» деген компания істеген. Мердігер мекеме істеуі керек еді. Бірақ сотталып кетті. Сондықтан суды тартып, құбырды тексергеннен кейін бетін жауып кетеміз. Қосымша қоршаулар болса, қоршаймыз», – деді Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы бөлімі басшысының м.а. Асқар Әшіров.

Полиция бұл жайт бойынша қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Ал қара жамылған отбасы кінәлілер тиісті жазасын алғанын талап етіп отыр.

Фото: Almaty.tv

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

16.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

09.04.2025

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

07.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы, қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды