Азотпен тұншықтыру арқылы өлім жазасына екінші адам кесілді

БҰҰ мен ЕО өлім жазасының бұл әдісін сынға алған болатын

Мадина Қайнарова

  • 27.09.2024

АҚШ-та өлім жазасына кесудің бұл жаңа әдісі екінші рет қолданылып отыр.


Алабама штатында үш адамды өлтіргені үшін сотталған 59 жастағы Алан Юджин Миллер азотпен тұншықтыру арқылы өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Миллерді өлім жазасына кесудің алғашқы әрекеті 2022 жылы инъекция арқылы жасалған болатын, бірақ препаратты енгізу үшін тамыры табылмаған екен.

Алғаш рет азотпен өлім жазасы осы жылдың қаңтарында сол Алабама штатында жүргізілді. Кеннет Смит 1988 жылы кісі өлтіргені үшін ең жоғары жазаға кесілді. Бұл оқиға әлем жұртын елең еткізген. Себебі АҚШ адам құқықтарын қорғау бойынша әлемге өнеге көрсетуге тырысатын мемлекет болса да, әлі күнге дейін өлім жазасын қолданады. Сол кезде БҰҰ мен ЕО өлім жазасының бұл әдісін сынға алып, осындай үкімдерге қарсы болды.

Айта кетсек, азотпен өлім жазасына АҚШ- тың үш штатында - Алабама, Оклахома және Миссисипи Штаттарында рұқсат етілген.

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді