457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бензин тапшылығы: Ресей ішкі нарықты қолдауға дайындалып жатыр

Ресей билігі өндірістің төмендеуі мен бірқатар өңірлерде бензин жетіспеушілігі жағдайында ішкі отын нарығын қолдауға арналған бірқатар шара әзірлеп жатыр

Ресей билігі өндірістің төмендеуі мен бірқатар өңірлерде бензин жетіспеушілігі жағдайында ішкі отын нарығын қолдауға арналған бірқатар шара әзірлеп жатыр. Бұл туралы 24 қыркүйекте вице-премьер Александр Новак премьер-министр Михаил Мишустинге жолдаған хатында айтылған. Хаттың үзіндісін 1 қазанда “Коммерсант” газеті жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан және Сингапурдан Дальний Востоктағы бірқатар өткізу бекеттері арқылы бензин импорттауға салынатын 5 пайыздық кедендік баж салығын нөлге дейін төмендету ұсынылған. Жанармайды тек белгілі бір компаниялар – “Роснефть”, “ННК” АҚ және “Промсырьеимпорт” жеткізе алады.

Сонымен қатар, билік жарты жылға бензин өндірісінде октан санын арттыратын қоспа – монометиланилинді пайдалануға рұқсат еткісі келеді. Бұл қоспаны төмен октанды жанармайға қосу арқылы 5-класс жоғары октанды бензин өндірісін арттыруға мүмкіндік береді. Алайда, монометиланилин аса улы әрі онкологиялық қатерге әкелетіндіктен әлемнің көп елінде тыйым салынған. Ресейде ол 2016 жылға дейін қолданылған.

Күтіліп отырғандай, бұл шаралар жүзеге асса, ішкі нарыққа ай сайын қосымша кемінде 350 мың тонна бензин және 100 мың тонна дизель отыны жеткізілмек.

Бұған дейін үкімет бензин экспортына салынған эмбаргоны 2025 жылдың соңына дейін ұзартқан және дизель отынын сыртқа шығаруға шектеу енгізген еді. Тек мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) тікелей жеткізілімдері ғана ерекшелік ретінде қалдырылған.

Фото: Eric Gaillard/REUTERS