Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы отельде көз жұмды

Бұл туралы Ақ Жайық хабарлапты.
"Бүгін таңертең, сағат 10:00 шамасында Somerset қонақүйінде «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнайхимия бойынша директоры Мұрат Досмұратов қайтыс болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайтыс болу себебі – жүрек талмасы. Қонақүй әкімшілері жедел жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері клиникалық өлім жағдайын анықтап, жансақтау шараларын жүргізген, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады" , -
делінген басылым таратқан жаңалықта.
Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында бірқатар маңызды қызметтер атқарған еді. 2024 жылғы қарашада оған қызметтік міндеттерді тиісінше орындамады деп айып тағылған болатын, бірақ 2025 жылғы тамызда сот оны кінәсіз деп таныды.