«ҚазМұнайГаз» АМӨЗ-дің үлесін ресейлік компанияға беруі мүмкін 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) үлесін ресейлік «Татнефть» компаниясына беру мүмкіндігін қарастырып жатыр,

Сұлу Бөлек

  • 28.03.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) үлесін ресейлік «Татнефть» компаниясына беру мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

 Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жекешелендіру ұсынысы
Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының үлесін жекешелендіру – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынысы. Бұл ұсыныс квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету есебінен мұнай өңдеу саласында және мұнай өнімдері нарығында бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мұндай шешімдердің дайындық жұмыстары, атап айтқанда корпоративтік шешім қабылдау, техникалық және экономикалық аспектілер көп уақытты қажет ететінін ескере отырып, бұл мәселені зерттеп жатыр. Мұндай процестер әдетте бірнеше жылға созылады.

Қай компания қарастырылған?

ҚМГ елімізде мұнай-газ химиясы саласын жан-жақты дамытып, барлық өндіріс тізбегін бірлесіп құру үшін серіктестермен ынтымақтастық орнатуға ашық компания екені белгілі. Осыған байланысты алыс және жақын шет елдердің түрлі компаниялары, соның ішінде «Татнефть» ЖАҚ қарастырылып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ компаниялары өзара серіктестік қарым-қатынас аясында, соның ішінде жекелеген қондырғылар мен технологиялар бойынша, сондай-ақ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің мұнай-химия шикізаты базасында құны жоғары өнім шығаруды ұйымдастыру бағытында үнемі тәжірибе алмасады.
Бұл компания туралы не белгілі?

«Татнефть» ЖАҚ – ресейлік мұнай компаниясы. Толық атауы – В. Д. Шашин атындағы «Татнефть» жария акционерлік қоғамы. Бас кеңсесі – Татарстан Республикасы, Әлмет қаласында орналасқан. 
Айта кетейік, «Татнефть» ЖАҚ тобына кіретін компаниялар өндірістің операциялық тиімділігі мен құны жоғары мұнай химиясы өнімдерін шығару саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Сонымен қатар, «Татнефть» ЖАҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің өндірістік қызметімен тікелей байланысты жаңа мұнай химиясы жобаларына, атап айтқанда терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат (ТФК және ПЭТФ) өндірісіне инвестиция құюға қызығушылық танытты. 
Мұнай өңдеу зауытының өндірістік көрсеткіштері
Үш мұнай өңдеу зауытының өндірістік көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Үш мұнай өңдеу зауыты бойынша жеңіл мұнай өнімдерінің орташа өнімділігі 2020 жылғы 70%-дан 2024 жылы 74%-ға және 2025 жылдың 1-тоқсанында факт бойынша 76%-ға дейін өсті. Өңдеу тереңдігі 2020 жылғы 85%-дан 2024 жылы 87%-ға, ал 2025 жылы 1-тоқсанында факт бойынша 88,6%-ға дейін ұлғайды.

Жалпы, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында («CASPI BITUM» БК» ЖШС қоса алғанда) былтыр 17,44 миллион тонна мұнай өңделді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін 2023 жылмен салыстырғанда жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін 370 мың тоннаға ұлғайту шаралары қабылданды.

Фото: «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

«Қазақтелеком» саудасынан мемлекетке дивидент төлену керек – сарапшы

22.01.2025

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

28.08.2024

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 388 миллион теңге сыйақы алған

13.08.2024

«ҚазМұнайГаз»-да ауыс-түйіс болды: Мырзағалиевтің орнына Хасенов келді

15.05.2024

«АМӨЗ»-ден шыққан шу. Жусанбаевтың тентектігін кім тияды?

21.02.2024

Мырзағалиев ҚазМұнайГаз төрағасы болды

14.04.2022
MalimBlocks
«Қазақтелеком» саудасынан мемлекетке дивидент төлену керек – сарапшы

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

Палата басшысы Әлихан Смайылов президент қабылдауында болды

«ҚазМұнайГаз» басшылығы 388 миллион теңге сыйақы алған

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылы басқарма мүшелерінің 388 миллион 673 мың 641,57 теңге көлемінде сыйақы алғанын растады

«ҚазМұнайГаз»-да ауыс-түйіс болды: Мырзағалиевтің орнына Хасенов келді

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғыс айтты.

«АМӨЗ»-ден шыққан шу. Жусанбаевтың тентектігін кім тияды?

Компания саясатына кереғар әрекет етіп,  коммерциялық құрылымдардан негізсіз артық табыс алуға мүдделі адамдардың наразылығына әкелді

Мырзағалиев ҚазМұнайГаз төрағасы болды

Самұрық-Қазына АҚ басқару кеңесінің шешімімен Мағзұм Мырзағалиев ҚазМұнайГаз компаниясының төрағасы болып тағайындалды.