«Қазақтелеком» саудасынан мемлекетке дивидент төлену керек – сарапшы

Аялдар Күнтуған

  • 22.01.2025

Қаржыгер Расул Рысмамбетов өзінің телеграммдағы арнасында «Қазақтелекомның» сатылуына қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның пікірінше, компанияны сату арқылы дивиденд төлеу логикалық шешім. Себебі, біріншіден, мемлекеттік бюджет бірінші орында. «Қазақтелеком» ұзақ жылдар бойы мемлекеттен салық жеңілдіктерінен бастап мемлекеттік кепілдіктерге дейін елеулі қолдау алғанын болжауға болады. Дивидендтерді төлеу – бұл осы қаржылық көмектің бір бөлігін мемлекетке қайтарудың мүмкіндігі, сол арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларға қаражат бөлінуі мүмкін. Компания акционерлеріне пайда әкелуі тиіс.

Екіншіден, дивидендтер компанияның болашағына зиян келтірмейді. «Қазақтелеком» – қатардағы компания емес, бұл тұрақты негізі бар институт, өз тұрақтылығын әлденеше рет дәлелдеді. Кәсіби басқарушының болашақта одан әрі өсу мүмкіндіктерін табатынына күмәндануға еш негіз жоқ.

Үшіншіден, экономикалық әділеттілік.

Мемлекет негізгі акционер ретінде табысты мәмілелерден өзінің үлесін алуға толық құқығы бар. Бұл тек экономикаға қолдау көрсету емес, сонымен бірге барлық қазақстандықтың әл-ауқатына қосылған үлес болар еді, дейді экономист Расул Рысмамбетов өз жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақтелеком» «МТ-С» ЖШС-ін Катардың PIH холдингіне сату бойынша мәмілені аяқтағанын хабарлаған еді. 

Фото: kazakh-telecom.kz

Байланысты жаналықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

10.04.2025

«ҚазМұнайГаз» АМӨЗ-дің үлесін ресейлік компанияға беруі мүмкін 

28.03.2025

«Қазақтелекомға» қарсы тергеу басталды

19.03.2025

Tele2 мен Altel шетелдік компанияға сатылды

15.01.2025

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

04.09.2024

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

28.08.2024
MalimBlocks
Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

«ҚазМұнайГаз» АМӨЗ-дің үлесін ресейлік компанияға беруі мүмкін 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) үлесін ресейлік «Татнефть» компаниясына беру мүмкіндігін қарастырып жатыр,

«Қазақтелекомға» қарсы тергеу басталды

Байланыс операторларының интернет бойынша бағасы зерттелді

Tele2 мен Altel шетелдік компанияға сатылды

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

Жазасының қалған мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

Палата басшысы Әлихан Смайылов президент қабылдауында болды