Tele2 мен Altel шетелдік компанияға сатылды

Редактор Редактор

  • 15.01.2025

«Қазақтелеком» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясындағы 100% үлесін Катардың Power International Holding холдингіне сату мәмілесін аяқтады, деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин өзінің Telegram парақшасында. Бұл туралы www.vlast.kz сайты жазды.

«Power International Holding ірі халықаралық ойыншы ретінде Қазақстан телекоммуникация саласына жаңа даму деңгейін әкеледі. Қазіргі бәсекелестік жағдайында операторлар тек бағаны төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар сапалы қызмет көрсетуге мәжбүр болады», – деді Мусин.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ін сату туралы шешім 2024 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. 14 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға сапары аясында «Қазақтелеком» АҚ, «Самұрық-Қазына» қоры және Power International Holding арасында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ін сату туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Келесі күні «Қазақтелеком» АҚ басқармасының сол кездегі төрағасы Қуанышбек Есекеев мәмілені 2024 жылдың маусымына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

«Қазақтелеком» 2019 жылы «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-інің 100% үлесіне иелік еткен. 2024 жылдың қаңтар айының соңында экономика министрлігі 2021-2025 жылдар аралығындағы кейбір жекешелендіру мәселелері бойынша Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізу жобасын жариялады, онда «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ін сату ұсынылған. Құжатта осы сату 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Tele2 және Altel «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясына тиесілі. Енді бұл байланыс  операторларын Катар компаниясы басқарады.

Фото: orda.kz

Байланысты жаналықтар

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

04.09.2024

"Күш-жігерімді саламын". Мусин жаңа қызметі үшін алғыс айтты

10.06.2024

Бағдат Мусин «Қазақтелекомды» басқаратын болды

10.06.2024

Қамаудағы Сатыбалды «Қазақтелекомды» мемлекетке қайтарып беруге әзір

05.05.2022

Қайрат Сатыбалдыдан Путинге дейін: «Қазақтелеком» кімдермен шарт жасасуда?

31.10.2021

"Қазақтелеком" мен "Кселл" дауы 22 миллон өтемақы төлеумен аяқталды

01.06.2021
MalimBlocks
Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

Жазасының қалған мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді

"Күш-жігерімді саламын". Мусин жаңа қызметі үшін алғыс айтты

Қызметке тағайындалған Мусин компанияны қалай дамытанын айтып, жоспарын бөлісті

Бағдат Мусин «Қазақтелекомды» басқаратын болды

Ол 2020 жылдан 2024 жылға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.

Қамаудағы Сатыбалды «Қазақтелекомды» мемлекетке қайтарып беруге әзір

Қазір қамауда отырған Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының акцияларын мемлекетке «сыйлауға» әзір. Бұл туралы елордада өткен брифингте «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Қайрат Сатыбалдыдан Путинге дейін: «Қазақтелеком» кімдермен шарт жасасуда?

"Қазақтелеком" мен "Кселл" дауы 22 миллон өтемақы төлеумен аяқталды