Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

Сұлу Бөлек

  • 10.04.2025

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры (басқарма төрағасы) қызметіне Қуаныш Бишімов тағайындалды.

Жаңа басшы туралы не белгілі?

Қуаныш Бишімов әр жылдары кеден органдарында, ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" РМК-да жұмыс істеді. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ Бас директоры, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Бұл тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры болды.

ҚМГ басшылығы Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа бас директорының алдына операциялық тиімділікті арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, өндірістік процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігі деңгейін арттыру, экологиялық жобаларды одан әрі іске асыру, 2025 жылы жоспарлы алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізу және қызметкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде нақты міндеттер қойған.

Айта кетейік, компания мәліметінше, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес "АМӨЗ" ЖШС бұрынғы бас директоры (басқарма төрағасы) Ғалымжан Жусанбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Фото: "ҚазМұнайГаз"

Байланысты жаналықтар

«ҚазМұнайГаз» топ-менеджері миллиондаған сыйақы туралы сұраққа жауап бере алмады

05.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

01.05.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025
MalimBlocks
«ҚазМұнайГаз» топ-менеджері миллиондаған сыйақы туралы сұраққа жауап бере алмады

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

Осыған дейін бірнеше лауазымды қызмет атқарған

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды